Мектепке дейінгі білім беру саласының қоғамдық кеңесі өтті
блог
Қазіргі таңда қоғамдағы өзгерістерге байланысты әлемдік жүйеде мектепке дейінгі білім беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау қажет болып отыр. Инклюзивті білім беру орталығының негізгі міндеті мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына ықпал ете отырып, білім жүйесіне жаңаша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу болып табылады. Осыған орай, ҚР БҒМ мамандары, ЖОО орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйымдар, жеке балабақшалар бірлестіктері, Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының қызметкерлері, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, ата-аналар қауымдастығының өкілдері бас қосты. Қоғамдық кеңес отырысында мектепке дейінгі білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтсақ, балабақшалардағы балаларды тамақтандыру, ауыл мен қала балабақшаларының айырмашылықтары, «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, осы саланы зерттеу жұмыстарына жас ғалымдарды тарту сынды мәселелерді ортаға салды. Педагог-мамандар Ұлттық іс-қимыл жоспарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ата-аналармен жұмыстың бағыттарын күшейтуді және ішкі жұмыстардың мазмұнын енгізуді ұсынды.
Академия президенті Ғани Бектайұлы инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы базасында бірыңғай үйлестіруші орталықтың рөлін күшейту қажеттігіне баса назар аударды.