Мектеп түлектерінің назарына
блог
Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті ретінде, бәрінізге дәл осы жоғары оқу орталағына түсуге кеңес беремін. 4 жыл аясында өзімнің мамандығымды жетілдіруден басқа, көптеген мүмкіндіктерді қолдана алдым. Оның бірі, Республикалық физика-математика мектебіндегі өтілген бірден-бір белсенді практика болып табылады. Осы практика аясында біз керемет оқушыларға сабақ бере отырып, өзіміздің қабілеттерімізді жетілдіре түстік. Екі ай уақыт кезінде көптеген қызықты шараларды өткізіп, студенттік өмірдің қызықты шақтарын кештік. Ашық сабақ пен тәрбие сағатын өткізе отырып, оқушыларға көптеген ақпаратты жеткізе алдық. Бұның бәрі біз үшін тамаша тәжірибе болды. Қазақ ұлттық университетіне түскенімізге өте қуаныштымыз! Түлектерге кеңесім: ойланбай, осы керемет университетті таңдау. Филология факультетінің мұғалімдері мен өткізілетін іс-шаралары сіздің ойыңыздан шығады!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті теория жағынан да, тәжірибе жағынан жетілдірілген да студенттердің нағыз үйі!
Коскулакова А.Б., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті.
Медетбекова П.Т., ҚазҰУ жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасының доценті, педагогикалық тәжірибесінің жетекшісі.