Мектеп түлектерінің құлағына алтын сырға

Мектеп түлектерінің құлағына алтын сырға
жеке
блог

Эссе жазбас бұрын білім алушы эссенің қай түрін жазатынын білу керек. 

     Эссе жазбас бұрын білім алушы эссенің қай түрін жазатынын білу керек. Осыдан келіп эссенің қай түрдегі, қандай түрін  үйрету керектігі туралы мәселе туындайды. Сол үшін Білім және ғылым министрлігі мектеп бітірушілердің эссенің қай түрін жазатынын нақты көрсетуі керек. Бұл сұрақтың көтерілуі орынды, себебі қазір оқушы да, мұғалім де кез келген ақпаратты алу үшін интернетке жүгінеді. Интернеттегі мәліметтердің көпшілігі шет тілінен аударылған, әркім әртүрлі жазатын болғандықтан жүйе жоқ. Осыдан келіп эссе жазуда адасу басталады.  Жоғарыда айтқанымыздай эссенің түрлері өте көп.   Бұл мәселенің шешу жолдары ретінде орта және жоғары білім беретін мекемелерде  эссенің академиялық түрін оқыту керек деп ойлаймыз. Осы бағытта біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер мен оқытушыларға эссе туралы толық, жүйелі  мағлұмат беру керек. Әлеуметтік желілерден  байқағанымыз жер-жерлерде эссе жазуға арналған курстар басталып та кетіпті. Бізді ойландыратыны қаншалықты жүйелі және эссенің қай түрі үйретілуде екен?

    Біздің зерттеуіміз бойынша  қазір Назарбаев зияткерлік мектебі мен сол мектептің аясында құрылған педагогикалық шеберлік орталығының курсы және Назарбаев университеті, КАЗГЮУ университеті академиялық эссені жазуда. Бірақ академиялық эссенің түрлері деп нақты айтылмайды. Жоғары оқу орындарында аргументті эссе жазылады. ҚАЗТЕСТ жүйесінде сипаттамалы эссе жазу талап етіледі.  Австралияның Edith Cowan University университетінде академиялық эссенің  үш түрі бар: сипаттамалы, түсіндірмелі, аргументтік. Ағылшындарда түсіндірме,  дәлелді, аналетикалық, аргументтік   төрт түрін кездестіреміз. Қазақстанда эссенің академиялық эссенің емес, жалпы эссенің сипаттамалық, анықтамалық, хабарламалық,салыстырмалы, дәлелдеме, аргументтік, әдеби деп жеті түріге бөлініп жүр.     Сипаттамалық эссе. Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді. Анықтамалық эссе. Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер, терминдер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген терминнің мағынасын ашу. Хабарлама эссе. Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі хабарламалық эссе.  Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.   Салыстырмалы  немесе кереғар эссе. Салыстырмалы  немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді. Дәлелдеме эссе. Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.    Аргументтік эссе. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы. Әдеби эссе. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

     Қорытындылай келе айтарым, эссенің қай түрін жазатынын білген оқушы қиналмай жазып шығады. Эссе ҰБТ-ның бір түрі емес, оны аттестат алу үшін мектепте жазады,  сондықтан мектеп әкімшілігі мұны нақтылауына болатын шығар.