Мектеп тарихы

Мектеп тарихы
жеке
блог

Біздің мектебіміз бастапқыда 3 класты болып тұрғын үй кешенінде ашылды. Семипалатинск қалалық Жаңасемей аудандық еңбекші депутаттар атқару комитетінің 19 июнь 1973 ж №II-149 шешімімен Птицафабрика поселкесіндегі бастауыш мектеп 8 жылдық мектеп болып қайта жасақталды.

      Жаңасемей ауданының Птицафабрика жұмысшылар поселкесінде 392 оқушы орнына арналған оқу кабинеттерімен жабдықталған 8 жылдық типтік мектеп салынды. Мектепке 30 мың сом көлемінде қажетті техникалық жабдықтар, көрнекілік құралдар сатылып алынды. 1973 жылдың 1 июнь қарсаңында 1-7 класс оқушылары 144  адамды құрап, 1973 жылы 1- қыркүйекте мектеп құрамын жасақтауға ықпал етті. Пригород жалпы білім беретін мектебінің алғашқы директоры Питайчук М.М. болып тағайындалған.

         16 апрель 2004 жылы № 01-04/265 бұйрығы бойынша  негізгі білім беретін мектептерді жалпы білім беретін мектепке ауыстыру туралы шешім қабылданып, Пригород негізгі білім беретін мектеп 11 жылдық мектепке ауысты.

            2020 жылдың 21 тамызында Семей қаласы әкімдігінің №1254 қаулысымен "Пригородная ЖОББМ" КММ қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі "Жүсіпбек Аймауытов атындағы ЖОББМ" КММ болып өзгертілді.

         Жүсіпбек Аймауытов – туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бай мерейіне таған санаулы да, перзенттеріміздің бірі.

            Ж.Аймауытовтың шығармашылық дамуы, өсуі Семей өңірімен, ұлыларымен тығыз байланысты. Мектепке ақынның аты берілуі заңдылық.

            Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

          Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.  1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.      Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). 

 Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).  Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 

1929 ж. Басталған  кеңестік  қуғын-сүргін кезінде  Қазақстандағы  ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының  директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң  кезінде  қармаққа ілінген   Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық,  әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді.

 Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын,  «Интернационалды», бірқатар ғылыми  еңбектерді  аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.

1918-19 ж. Семей қаласындағы  М. Әуезовпен бірлесіп «Абай»  журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен  бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайд ан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды.  Бұл мақалаларда  Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ  әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ер жетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай  поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған.

Аймауытов -  қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.