Астана қаласы №89 мектеп-лицейінде 8-10 сынып аралығында оқушылар Мектеп Президенті болуға өз кандидатураларын ұсынды.
«Мектеп Президентін сайлау» жобасы болашақ сайлаушылардың білімі мен тәжірибесі арқылы оқушылардың әр салада дамуына үлес қосуға, түрлі іс-шаралар мен сайыстарды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталды. Мектеп Президенттерінің сайлауалды науқан 20-22 қыркүйекте басталды. 2022 жылдың 22 қыркүйек күні Мектеп Кеңесінің Президентіне өздерінің сайлауалды бағдарламалырамен 8-ден астам үміткер таныстырды. Олар: Амантай Ералы (10 Ә сыныбы), Аймақ Айым (8 А сыныбы), Ұлан Рахым (9 Г сыныбы), Габдулин Мадияр (8 Е сыныбы), Кузьменко Искандер (8 Е сыныбы), Жандаулетов Хамит (8 Д сыныбы), Уразалиева Берғаным (10 Б сыныбы), Сағадат Дана (8 А сыныбы).
Сайлау жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асады. Мектеп Президентін тағайындау 28 қыркүйек күніне жоспарланып отыр.