Мектебіме сағыныш

Мектебіме сағыныш
жеке
блог

Студенттік шағымның 2-ші жылы. Алтын ұя мектебімді осынша қатты сағынамын деп ойламап едім. Мектепте жүргенде "қашан мектепті бітіреді екенбіз, тезірек студент болсақ екен" деуші едік. Ал , қазір ақ бандик тағып, партада отыратын кездерді аңсаймын. Жооқ, студент болған да жақсы, бірақ бәрібір мектеп ерекше! Қолда бар алтынның қадірі жоқ демекші, уақытында емес , уақыты өткеннен кейін сағынғаным-ай...

Мектепке алғаш келгенде, 

Ойлап па ең өтіп кетердей. 

Бақытты шағың балалық, 

Жауып өткен нөсердей. 

Алғаш сені қарсы алған 

Ұстазың ыстық әрқашан. 

Жанынан өтсең мектептің 

Ұмытпа оны есіңе ал, 

Ұмытпа және тағы да 

Өмірде оңай еш жоқ зат, 

Қиыны соның ішінде 

Болу бір нағыз азамат. 

Кездессе егер қиындық 

Шегінбе кейін бір қадам. 

Жүре бер алға қаймықпа 

Өтеді одан әр адам.