Медиакеңістіктегі жаңа трендті білесіз бе?

Медиакеңістіктегі жаңа трендті білесіз бе?
жеке
блог

   Қазіргі таңда бірнеше секундта ақпараттар легі толассыз болғандықтан, ақпараттың рас өтірігін ажырату қиынға соғуда. Осы орайда қазақ журналистикасында фактчекинг ұғымы пайда болды.
 Соған байланысты елімізде 2017 жылы «Faktcheck.kz» сайты құрылды. Бұл сайт фейк ақпараттармен күресуге жол ашты. Біздің алаяқтарға сеніп қалмауымыз үшін, жалған ақпаратты ажырата алуымызға сайттың 15  журналисі үлес қосуда. Сайттың бас құрылтайшысы- Адиль Джалилов.

   «Faktcheck» сайтының  міндеті-БАҚ-та жарияланған жаңалықтың,әлеуметтік желідегі жазбалардың,халық алдында жүрген тұлғалардың мәлімдемесіндегі ақпараттың рас-өтірігін ажырата білу.
Сайт- әділдікті және туралықты ұстанады. Яғни, халықаралық факт тексеру стандартына сай  жан-жақты ізденіп,зерттейді. Бейтарап басылым. Ешкімнің мүддесі үшін қорғамайды және белгілі саясатты ұстанбайды.
Ашық дереккөздерге сүйенеді. Халықтың  өзі ақпараттың жалған немесе ресми органның мәлімдемесін ажырата білгенін қалайды.
Қаржы жайлы және ұйымның ашықтығын ұстанады. Егер басқа ұйымдар қаржыландырса, инвесторлардың фактчекингтің есебінен шығатын қорытындыға ықпалы болмайды.
Айтылған, көретілген, таратылған ақпараттарды таңдаған уақытта ашық түрде әдістемені түсіндіреді. Әр жаңалықты тексерілгені Әр жаңалықты тексерілгені жөнінде есепті жазады, түзетеді, жариялайды. Оқырманнан келген хаттарға бей жай қарамай, мамандар  редакцияға тексеріске жіберіледі.

   Әділдік пен түзетулерге сүйенеді. Сайт өзінің саясатын бекем ұстанады. Өздерінің түзеткен, көз жеткізген ақпараттарын ғана оқырманға ұсынады.