«Медиа-мәдениет «Сандық (цифрлық) Қазақстан» моделі

Баршамыз  білеміз,  қазіргі  заман,  қазіргі  қоғам  келбеті  күннен-күнге  дамып,  өзгеруде. Көптеген  технологиялар  пайда  болып  жатыр.  Көптеген  өзгерістердің  орнауы  мәдениетімізге  де  үлес  қосуда,  мәдениетте  айрықша  өзгерістер  көрініс  беруде. Өзгерістің  немесе  қазіргі  заман  келбетіндегі  болашақтың қандай  екені  баршамызды  қызықтырары  анық.  Қашан?,  Қандай?, Қалай?..

       Қазіргі  замандағы  ақпараттық  технологиялардың  адам  үшін  маңызы  зор.  Олар  күннен- күнге   дамып,  адамдарға  қолайлы ақпарат  жеткізу  жолдарын  ойластырып  жатыр.  Байқасақ,  қазір  адамдар  не  қалайды  соның  барлығы  бар.  Өмір  сүру  жолында заман  тарапынан   ешқандай  қиындық  жоқ.  Бұрынғы  кездердегідей  адамдар  ақпарат  үшін  елшілік  жіберіп,  көгершіндерге  қағаз  қыстырып,  ақпаратты   айлап- күндеп  күтіп  отырмайды.  Тіпті,  жай  ғана  қолымыздағы   құрал  телефон  арқылы  қаншама  мәлімет  білеміз,  бүгінгінің  жаңалығын  қараймыз.  Көремін  десеңіз  теледидар,  планшет,  ноутбук  алдыңызда.   Адамдардың  күнделікті  өміріне  тигізетін  технологиялардың  әсері  жақсы  жағынан  қарасақ,   бар  дүниеден  хабардар  етеді,  бейхабар  болмайсыз,  қоғамымызға  да  дамушы  ел  ретінде  үлесін  қосады,  зияны   денсаулыққа,  технологиялар   денсаулығымызға  радиация  арқылы  зиянын  тигізеді   және  жақсы  жағдайда,  керек  жағдайда  пайдаланбаса   уақытыңды  зая  кетіреді.

        Медиа- мәдениет-  бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі. Ақпараттар  көбейіп,  технологиялар  дамыса  осы  медиа-мәдениетке  үлес  қосады.  Өйткені,  медиа-мәдениет-  бұқаралық  ақпараттың,  технологиялардың,  соған  байланысты  дамушы  елдер  тариының  жиынтығы.   ХХ-ХХӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, көбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техника- лық қайта құрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады. Ақпараттық технологиялар экономикаға көп жаңашылдық әкеледі. Біріншіден, бизнесті жүргізу жеңілдей түседі. Олар халықаралық келіссөздердегі  шығын көлемін азайтады.Екіншіден, олардың көмегімен жаһандық көлемде тұтас нарық қалыптасып, тұтынушылар қоғамы құрылады.

      Еліміздегі ауқымды бағдарламалардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» жобасы. «Цифлық Қазақстан» – қазіргі ғасырдың даму үрдісіне сәйкес қызмет етуді көздейтін бағдарлама. Оның басты мақсаты – халықтың тұрмысындағы сандық экожүйенің даму үрдісін жеделдету арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді. Басқаша айтар болсақ, қазіргі уақытта мемлекет тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің ендігі уақытта мызғымас, өзгермейтін, бір рет қана әрі мәңгілікке құрылған жүйе ретінде көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сол себепті экономиканы цифрландыру мемлекет дамуының мақсаттарына лайықты одан ары үздіксіз жаңғырады.

      Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. 

  Негізінде  «Сандық  Қазақстан»  бағдарламасы  2017  жылы  қолға  алынған  болатын.  Оның  басты  орындауға  тиіс  міндеттерінің  бірі - ауылдарды  интернет  байланысымен  қамтамасыз  ету. Tехнологияларға  келер  болсақ, менің ойымша  алдымен  университеттегі  IT  мамандарын  дайындауға  жағдай  жасалуы   керек.  Көзге  көрінерлік  оқу  орындарында  ғана  емес,  барлық   оқу  орындарына.  Иа,  бұл  саладағы  мамандарды  даярлауға  жағдай  жәйлап  жасалып  жатыр.  ҰБТ  баллы  төмен  болса  да,  грант  иеленіп  жатыр.  Бірақ,  мәселе  біріншіден  баста,  екіншіден   жағдайда.  Болашақ   маман  қанша  біліп  тұрса  да,  техника  жасауға  қажетті   дүниелер  қамтамасыз  етілмесе,  тәжірибе   болмаса,  істен  нәтиже  жоқ.  Осылар  басты  назарда  ескертілсе  деп  жобалаймын.

      Қазіргі  заман  келбетіндегі  болашақ.  Мен  болашаққа  үлкен  үмітпен  қараймын. Өйткені,  қоғамды,  елімізді  дамытуға  деген  мақсаттарым  өте  көп.  Әрбір  жас  ұрпақта  сондай  сөнбес  үміт  бар  деп  ойлаймын. Өйткені,  келісіп  не  келіспесек  те  қоғам  тұтқасы  жастардың  қолында.  Қазіргі  еліміздің  келбетіне  қарап,   болашақты  жаһандандыру  үшін  бос  сөз  емес  үлкен,  қажырлы  еңбек  керегі  анық.  Қорытынды  сөзім  де,  дәл  осы  болмақ!



Бөлісу: