М.Дулатовтың үкімет саясатына қарсы шығуы.

М.Дулатовтың үкімет саясатына қарсы шығуы.
жеке
блог

М.Дулатовтың үкімет саясатына қарсы шығуы

Орыс саясатының салдарынан еліміз қаншалықты қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіргені - ешкімге де құпия емес. Үкімет халықтың шарасыздығы мен тәуелділігін пайдаланып, ойына келгенің істеген сәтте жүректері “Қазағым!” деп соққан көптеген ақын, жазушылар үнсіз қала алмағандығы рас. Алайда өкінішке орай, ол кезеңде баспасөзге қатты қысым жасалып, құқығын жерге таптап, халыққа жарияланған әрбір еңбек үшін автордан жауап алынды. Міне, дәл осы себеппен сол кезеңдерде бүркеншік атпен жазу көп кездескені қалыпты жайт. Жағдайдың ушыққаны соншалық, тіпті қаншама ұлы тұлғалар бас бостандығынан айырылып, түрмеге қамалып, елден де қудаланып, және ең жан түршігерлігі - ату жазасына келісіп жатты. Әрине, қанша жерден халқына деген жанашырлығы әрі сүйіспеншілігі сөзсіз болғанның өзінде басының амандығы мен жанының тыныштығы үшін амалдың жоқтығынан үнсіздікке мәжбүр болған жандар көп еді…

Алайда есімі жадымызға мәңгі сақталатын, ұлттық санамыздың қалыптасуына бірден бір үлесін қосқан ұлы тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов өз өмірі үшін қорқыныш пен үрейге қарамастан, бүркеншік атпен шындықты жазуы арқылы халқы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Халқының мүшкіл жағдайын өз еңбектері арқылы жеткізіп, қазағы үшін жаны ашып, іші қатты күйген еді. Осындай маңызды да мәнді еңбектердің бірі - Міржақып Дулатовтың “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы. Бұл мақала “Серке” газетінде жарияланып, кейіннен осы мақаланың жарыққа шығуы - газеттің лезде жабылуына әкеліп соқты.

Мақаланың мән-мағынасына терең үніліп, талдасақ, мақаланың басты мақсаты - халқына жасалған қастандық пен қатыгездікті тоқтатып, отарлық саясатқа жол бермеу екендігін аңғарамыз. Әсіресе, мақаладағы Міржақып Дулатовтың : “Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады” деген сөздері Патша үкіметінің түкке де қажеті жоқ салықтары қарапайым халықты әбден шаршатқанына анық дәлел. Мұның бәрі - биліктегі шенеушіктердің халықтың жан-айқайына мүлде құлақ аспай, әділетсіз шешім қабылдап, тіпті дін мәселесіне араласып, отаршыл саясатты ұстануының нәтижесі. Шынында да, автор өз кезегінде саясаттың жамандығын әшкерелеп қана қоймай, нақты себептер мен оның салдарын жазады.

Қазағымның демократияны мүлде көрмей, керісінше, бар мал-мүлкінен айырылып, жылдар бойы отарлық саясатқа үнсіз көніп отырғаны - мәңгі есте қалады, қатты қынжылтады.. Міржақып Дулатов секілді нағыз азаматтардың қиын кезеңде халқымен бірге болып, жанашырлық танытып, мейлі, бүркеншік есіммен болсын мақала жариялап, маңызды мәселелерді қозғауы - әр қазақ үшін үлгі әрі мақтаныш. Міне, дәл осындай батыл да жанашыр тұлғалардың мақалаларын оқу арқылы ұлттық санамыз қалыптасып, Тәуелсіздіктің қадірін түсеніміз !