М.Дулатовтың "Біздің мақсатымыз" мақаласын талдау
блог
ХХ ғасырдың басы. Қазақ жерін орыс патшалығының отарлық саясаты күшейген кезеңі. Қазақстанның көптеген аумағы Ресей меншігіне еніп, қарапайым қазақтарға қысым көрсетіп, ата-бабаларынан қалған жерін, мал-мүлкін сұраусыз тартып, ойларына келгендерін істеді. Еліміздің шұрайлы, егінді жерлерін патша үкіметі өзіндік меншік етті. Бұндай жағдайда қалған халқын ойламай қою мүмкін емес еді. Көптеген ұлы, патриот тұлғаларымыз жазумен, өлең жолдарымен елінің мұң-зарын барынша жеткізуге тырысты. Патша өкіметіне қарсы шығып, бар батылдығын жинап, өз ойын білдіріп, ғасыр басында сап түзегендердің бірі Міржақып Дулатов.
М.Дулатов өзінің "Серке" газетінде жарық көрген "Біздің мақсатымыз" атты мақаласында ойын ашық түрде жеткізіп, Ресей патшалығына халық атынан бар шындығын айтқан болатын. Ұлт мүддесі үшін жанын құрбан етуге дайын болды десем де қателеспеспін. М.Дулатовтың бұл мақалада барлық мәселені қамтып, халық күйзелісін жан-тәнімен сезініп жазуға бар күшін салды. Менің ойымша оның өз тағдыры емес, ел тағдыры маңыздырақ болды. Басты мақсаты қайтсем де, шындық пен әділдікке жетеміз деген ой алға жетелегенін байқаймыз.
Мүмкін, осы шындықтың басылып шығуынан "Серке" газетінің жабылуына түрткі болды деген тұжырымдар да қарастырылды. Қайтсе де, саяси астары жетерлік. "Серке" газетінің өмір сүруі тым қысқа болса да, тарихқа берер дерегі мол болмаса да, қалдырған ізі терең деп білемін. Мақаланың астары тәуелсіз, дара мемлекет атану, бабаларымыздың бізге мұра етіп қалдырған атамекенімізді қайтару. Себебі, бізге құқылы туған жер. Бұл жерде кіндігіміз кесіліп, сүйегіміз көмілген. М.Дулатов қолынан келгенін барын істеуге тырысты. Қазақ халқының жоғын жоқтап, мүддесін қорғап, ұлттың бірлігін, елдің елдігін, жерінің тұтастығын сақтап қалуға барынша еңбек етті.
Ал, қазіргі кезде басымызда тәуелсіз аспан, байрағымыз желбіреп, ән ұранымыз шырқалып жатыр. Бірақ, неге қазіргі жастардың көзінде ата-бабамызда болған от көрінбейді? Неліктен, жастарымыз қазақ тілін құрметтемей, бізге қорлық көрсеткен орыстың тілін ұстанады? Бұл сұрақ көкейімді тесіп, жадымды қыйнайды. Әрине, көпке топырақ шашқаным емес. Арамызда да елім, жерім дейтін азаматтарымыз аз емес. Сондықтан біздің қолымыздан келгенін барын істеп, тәуелсіздігімізге шүкіршілік етіп, біздің болашағымыз үшін өз жандарын құрбан еткен ата-бабаларымызға рахмет айтудан шаршамауымыз қажет. Өткен күнге шүкір деп, болашаққа жол тарту мына біздің, яғни жастардың міндеті. Себебі, бізге үміт артқан үйде ата-анамыздың, көштің басындағы ел басымыздың, қолымызда жатқан еліміздің тағдыры біздің қолымызда деп ойлаймын.