Мазалаған Ой...
блог
Көптен бері блог жазбай кеттім. Еш шабыт болмады. Ең басында, блог бастаған кезімде жиі жазып тұратын оймен ашқан болатынмын. Бүгін жай ғана өз ойыммен бөліссем деймін. Бұл ойым соңғы кездері мені қатты мазалап жүр. Сонымен, кеттік!
2-3 күн бұрын Университетте Курстарға регистрация басталды. Әркім өзіне керек пәндерді тандап, онлайн сабақ кестесін жасау керек еді. Кейбір пәндер толып қалса оны ала алмайсың. Айтуға ұзақ, бірақ мен белгілі бір тізбеде болғандықтан соңғы болып таңдайтындардың бірі болдым. Маған ауадай қажет болған курстар лезде толып қалған соң мен айдалада қалдым. Менің жағдайым өте қиын күйге ұшырады. Себебі мен ол курстарды алмасам мамандықсыз қалуым мүмкін еді. Көңіл күйім қатты түсіп, терең ойға баттым. Енді кім боламын?? Енді не істеймін?? Біраз ойланған соң қалған өмірімді өзгертетіндей шешімге келдім.
Универстеттен ресми білім ала алмасаң да, өздігінен білім алу- бұл жетістікке жетудің кілті! Менің шешімім осындай тұғын! Бүгіннен бастап өз өмірімді өз қолыма аламын! Өзімді өзім жетілдіремін! Осы күнге дейінгі пайдасыз да өтірік көңіл көтеруімді, бостан босқа салбырап, маужырап ұйқтай бергенімді доғару керек! Жігіт өзін жан-жақты жетілдіруге міндетті! Барлығымыз да бай және әдемі өмірді аңсаймыз. Солай емес пе?? Бірақ сондай өмірге жету үшін жасайтынымыз шамалы. Жай армандап қоя саламыз. Ал кейбіреулер болса қазірден бастап күнде өзімен өзі жұмыс жасайды, өзін дамытады! Қалай айтсам, өз құндылығын арттырады! Міне, сондай адамдар сол аңсаған өміріне қол жеткізеді! Біз болсақ сол армандаған қалпымызбен жүре береміз! Жоқ! Олай болмайды! Ояну керек!
Мен Университеттегі ресми білім алу пайдасыз демеймін! Ол өте керек нәрсе! Өз салаңнын теңдесіз маманы болу- өте улкен дәреже! Бірақ сонымен қатар өз бетінше білім алуды да ұмытпаған жөн! Іздену керек, пайдалы нәрселерді үйрену керек! Алдыңа мақсат қою керек! Босқа сасып ұйқтай бермей, компьютер алдында жабысып отыра бермей пайдалы іспен айналысу керек! Қиын істен кейін уақытымен демалып қыдырсаң алар ләззатын он есе көп болмақ.
Тобықтай сөздің түйіні біздің болашағымыз біздің қолымызда! Әркім өз басына жауап береді! Ертеңгі өмірің қандай болатыны бүгінгі іс-әректіңе тікелей байланысты! Адами құндылығымызды арттырайық! Елімізге пайдалы мықты мықты мамандар болайық! Оянайық, ағайын!!!
P.S: Керек курстарымды ақыры алдым. Бұйыртса барлығы ойдағыдай аяқталу керек!