Маза бермеген ойдан құтылу

Маза бермеген ойдан құтылу
жеке
блог

Құрбым Микаға арналады.

 "Массагетке" алғаш рет блок жазып отырмын. Қанша уақыт Ұшқынмен бір үйде тұрып жатқаныммен, порталға қызығушылық таныта қоймаппын. Бірақ іштей қатты ұялатынмын. Құрбымның портал үшін бір күйініп, бір суып жатқанын жиі көрем. Кейде порталға қатысты бір жағдай болып жатса, құрбымды жұбатып та қоямын. Соның өзінде де кірмей, созып жүріп алыппын-ау... Себебін нақты білмейді екенмін. Мүмкін менің әлеуметтік желілерге деген қызығушылығымның төмендігінен шығар?! Мүмкін соңғы жарты жылдықта басымнан өткен оқиғаларға байланысты шығар?! Бүгін "ештен кеш жақсы" деген ұстаныммен аз ғана болса да белсендірек болып жатқан жайым бар. Құрбымнан кешірім сұраймын.