Майлықожаның ізімен...

Майлықожаның ізімен...
жеке
блог

Жақсы болса әйелің,

Оған көңілің тоқ болар.

Жаман болса егерде,

Өсекке өзін ноқталар.

 

Жағып кеткен отыныңнан,

Қайтіп келсең шоқ қалар.

Ішерге тамақ іздесең,

Дайын ас үйде жоқ болар.

 

«Ә»-десең, «Мә»-деп бақшиып,

Кетірер үйдің сиын да.

Осылайша барлығы,

Айналып кетер қиынға.

 

Өз бетімен жіберсең,

Үйір боп алар жиынға.

Қанағат тағы етпейді,

Сен тапқан төрт-бес тиынға.

 

Қыз кезінде бәрі жақсы,

Жаман қатын қайдан шығад?

Қалдырыр болсаң қараусыз,

Ашыған сүттен айран шығад.

 

Жаманның тағы белгісі,

Туғаның оған жақпайды.

Сыйламай ата-анаңды,

Төсек қып берер тақтайды.

 

Сараңдығы соншалық,

Тамақты кілттеп сақтайды.

Малдарың түгіл балаңды,

Ас беріп, қарап бақпайды.

 

Жанында оның жатқанда,

Таңың да дұрыс атпайды,

Арам шөп пенен өсекшілер,

Үйіңнің жанын қаптайды.

 

Төсекте жатсаң, әдейі,

Үстіңнен келіп аттайды.

Көшеде көрсе жаманды,

Қабаған ит те қаппайды.

 

Өйтіп-бүйтіп жүр ғой,-деп,

Біреудің байын мақтайды.

Бір істі оған тапсырсаң,

Сөзіңді дұрыс қақпайды.

Амалсыздан ұрасың,

Таяқ та оған, батпайды.

Бақшиып қарар көзіңе,

Көзінен жасы ақпайды.

 

Қойныңда жатар сұр жылан,

Демесең оны шақпайды.

Алтыннан алқа силасаң,

Сырғасыз оны тақпайды.

 

Білдірмей сені сыртыңнан,

Молдадан дұға жаттайды.

Кім білсін неге екенін,

Әйтеуір өзін баптайды.

 

Бір нәрсе үйден сұрасаң,

Оңайлықпенен таппайды.

Қойған затың орынында,

Ешуақытта да жатпайды.

 

Шамына тисе егерде біреу,

Аузына келгенін оттайды.

Түс ауа тұрып бала-шағасын,

«Қақпас»-деп ұрсып, боқтайды.

 

Қораңнан малды жіберер сатып,

Сонда да «жоқ»-деп, даттайды.

Сенімен ағаң келгенде еріп,

Ұялып етек жаппайды.

 

Жігітке, мұндай жолықса қатын,

Өмірдің дәмін татпайды.

Басынан онда сол бір жігіттің,

Дөңгелеп тұрып бақ тайды.

 

Мұндай қатыннан сақтану керек,

Сақтансаң Алла сақтайды.

Жақсы қатын керісінше,

Үмітіңді ақтайды.

 

Жаман қатын секілді,

Күн шыққанша жатпайды.

Мал түгілі үйіңнен,

Түйір түйме сатпайды.

 

Сен үйіңе келгенше,

Астан дәм де татпайды.

Сен болмасаң, қасында оның,

Ас та дұрыс батпайды.

Ұрпағыңды тәрбиелеп,

Дұрыс жолға баптайды.

Дұспандарың, тағар кінә,

Бойынан оның таппайды.

 

Дін жолына бетін бұрып,

Намаз, Құран жаттайды.

Ата-ана, туғаның да,

Көңілі толып мақтайды.

 

Жылтыраққа қызығып,

Әшекей көп тақпайды.

Қонаққа үйдің есігін ашып,

Күндіз-түні жаппайды.

 

Осындай әйел үйіңнің,

Кіргізер әркез шырайын.

Жұптарымыз жазылмасын,-

Деп, тілейсің лайым.

 

Басыма бақыт берген,-деп,

Несібеме құдайым

Ендеше дейсің осыған,

Шүкіршілік қылайын.

 

Достарың келсе үйіңе,

Сандықта тұрған жиылып,

Төсекті алып салады

Көрсетіп құрмет иіліп.

 

Орамал тағып келін боп,

Жүреді ылғи киініп.

Дастархан жайып шәй берсе,

Достарың қалар түйіліп.

 

Қарамай көзге сүзіліп,

Әдеппен қарар қиылып.

Жүреді ылғи дұға ғып

Аллаға ғана сиынып.

 

Достарың қалар ондайда,

Екеуіңе сүйініп.

Үлкендерге әр таңда,

Салады «сәлем» иіліп.

 

Жан-жарың емес ол сенің,

Қараңғы түнде жарығың.

Қан жүретін бойыңдағы,

62 тамырың.

Әйелің болса осындай,

Бойына, ойы келіскен.

Өмірде, бағалы, теңдесіз,

Ол сенің аққанат-періштең.

 

Менің айтып жатқаным,

Сипаты ғой бүгіннің.

Маңайыма көз жүгіртіп,

Сүйіндім де түңілдім.

 

Мен де бір күн үйленермін,

Нәсіп етсе құдайым.

Жақсы болсын деп тілеймін,

Мәңгі өмірлік жұбайым.

 

Жаман қыздың әдеті,

Ысылдайды жыландай.

Жақсы қыздың әдеті,

Еркелейді құландай.

 

Жаман қатын жігіттің,

Тайдырады табанын.

Жақсы қатын жігіттің,

Адам қылар жаманын

Ұшқыр қылар шабанын