Маxаббат деген не?


  Мен ешқашан ғашық болып көрген емеспін! Жалпы маxаббат сезімі жайлы: таныстарымнан, достарымнан көп естимін, кітаптардан да оқыдым, фильмдерден де көрдім! Бірақ сол сезімді өз басымнан өткізбеппін. Ешкім сөз айтпады немесе түрім жаман болғандықтан деуге келмейді, тек өз адамымды кездестірмедім! Ұлдар сөз айта бастаса болды, маған өмірі жоламайтындай қыламын!
  Менің ішімде екі Сабина өмір сүріп жатқан секілді. Менің біріншім: ақкөңіл, нәзік, жас баладай аңғал болса, екіншім: қатал, өркөкірек,эгоист! Мен адамдарды жақсы, жаман деп емес, менің адамдарым және менің адамдарым емес деп бөлемін! Сол себептен жігіттерге келгенде екінші менім іске қосылып кетеді! Сондықтан да өз адамымды әлі кездестірмедім деп ойлаймын және оның барына, маxаббат сезіміне сенемін!
  Бүгін Шыңғыс Айтматовтың әңгімесі желісінде түсірілген түріктің “ Қызыл орамал” фильмін көрдім. Ескі фильм, маған өте ұнады! Сол фильмде Әсия деген әйел: “Маxаббат деген не? Ол екі адамның бір-біріне деген қайрымдылығы, қамқорлығы, адалдығы!”-дейді. Расымен де, бұл аталған сезімдерден маxаббат, одан сыйластық туындайды емеспе?! Ал маxаббат пен сыйластық бар жерде бақытты болмау мүмкін емес шығар....Ал сіздер маxаббатқа қаншалықты сенесіздер?



Бөлісу: