М.Әуезовтың "Оқыған азамат" шығармасының бүгінгі мәні
блог
Мына өмірге ата баласы болып келіп,адам баласы болып аттанған Мұхтар Әуезов өмірінен белгілісі бізге үлкен том-том кітаптың кіріспесіндей ғана.Заманмен сырлас,мәңгілік үндестіктің айнымас айқын бейнесі.Жылдарға ұзақ ізденіс пен өмірлік тәжірибенің арқасында рухани еңбектер жазды.Соның бірі де біріңғайы 20 ғасырдағы қазақтан шыққан оқыған азаматтардың қоғамға өзіндік үлесі мен ара-қатынасын дәріптейтін "Оқыған азамат" әңгімесі.Шығармада бір кейіпкерді суреттеу арқылы 3-4 бейнені аша түседі.Мейірхан бейнесі-турашыл,әділ бірақ шарасыз.Қарап отырсақ кез-келген әдеби шығармада Мейірханның прототибін жиі кезіктіруімізге болады,яғни типтес кейіпкерді.Сондағы сүрақ,Мейірхан образы арқылы не көрсетпек болды?Мейірхан тіреуіш секілді.Олай дейтінім келеңсіз қоғам ішінде әділдікті ту етіп,озбыр ортада әлі де болса адамдықты жақтаған,шыншыл адамдар бар екенін көрсетеді.Қадиша-қылықтары қазақилыққа алыстау,тіпті күйеуі өмірден қайтқанда артынан қайғырудың орнына "енді мен не боламын?"-деп мазаланған еді.Жалғыз баласы Жәмиланы қарт енесінен дүние-мүлікті тартып алуға пайдаланған еді.Негізгі әрі жағымсыз кейіпкердің бірі-Жұмағұл.Қазақ қоғамында "оқыған азамат" десе толыққанды деп білеміз.Десекте оқығанның бәрі толыққанды,жақсы адам бола бермейді.Жұмағұлдың істеген әрекеттерінің негізгі себепшісі-оның әке-шешесі.Әке-шеше-тәрбиесі."Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы"деген бекер айтылмаған.Тіпті әкесінің:"-Е, алса алсын байдың қызын! Ол немені біз оқытқанда, «ылғи бізден шығын шығара бер, кемпір-шалдың қолындағы азын аулағын тауыса бер» деп оқытып па едік?!» «Мал тап, бізді асыра!»—деп оқытқанбыз. Осы күнге шейін қара тиын табыс тапқан жоқ. Енді қашан көмегі тиеді бізге? Бұдан былай мал таппаса, үйге де жолатпайық деп жүр едік. Соны естіген ғой!"-дегені,анасының сараң адам болуынан-ақ алма ағашынан алысқа түспейдіге саяды.Шығармадағы шарасыз жолдас,дүниеқоңыз дос,қайырсыз әйел,қорғансыз кемпір бүгінгінің бүкпесіз бейнесі.Оңаймен мал табу,алдап-арбау,даярға маяр болу секілді дүниелердің санамызға сіңгені соншалық арам малға алданып,дүниеқоңыздықты еңбекқорлықпен шатастырамыз.Және сонымен мақтанамыз.Бүгінде оқыған көп,бірақ тәрбие жетіспейді.Негізінен біз кітап,көркем фильмдер көру арқылы,оқиғаға сіңіп оқиға желісін біліп отырамыз.Сондаға жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып жатамыз.Ал енді кезек өзімізге келгенде біз өзіміздің қандай екенімізді білмейміз.Сондағы бұл шығарманың негізгі мақсаты,адамдардың арасындағы дүниенің артынан кетіп айналамыздағы одан да маңызды дүниені көре алмаймыз.Осыны түйсіндіру еді...