Мастық кімге жақсы ат берген?!
блог
Өзін өзі ұстай білу кез-келген жанның қолынан келе бермейтін іс. Қандай да бір отырыстарда болсын адам өзін адам ұқсатып ұстауға тиіс. Бұл сөзбен мен сіздердің ойларыңызды ішімдікке құмар жандардың қылықтарына аударғым келіп отыр.
Мысал үшін бір жағдай ұйымдастырайық: бірі жарасымды киінген жас жігіт, бірі масайып қалған, жасы қырықтар шамасындағы ағай делік. Екеуі дастархан басында отыр. Мен сіздің ойыңызға не келгенін суреттеп берейін. Масайып қалған ағай бір қолын жас жігіттің ыйығына қойып, «Бауырым, сен...» деп дөрекілік танытып отыр. Ал жігіт тек сыпайылық үшін сөзіне құлақ асқан күйде. Енді былай құбылтайық. Бұл отырыс мемлекеттік қызметкерлердің бейресми жиыны болатын. Ал әлгі жас жігітіміз кадр бөлімінің меңгерушісі, ағай болса дәл сол бөлімнің екінші дәрежелі маманы.
Келесі күні жұмысқа келгенде масайып, мәдениеттілік ауылынан алыстаған ол енді бастығына қалай көрінерін білмей , қысылып әйтеуір кабинетке кіру керек болған соң амалсыздан кірді.
Міне осындай қиын жағдайға тап болғың келмесе өзіңді дұрыс ұстауға тиіссің. Бастығың сен жайында не ойлап қалды? Ал өзің «Бастығым мені енді бір жүрген нашар адам дер.» деп қылықтарыңа ұяларсың. «Олай еткенім дұрыс болмады, енді қайталамаспын» деп өзіңе сөз берсең де, мына бір сөз бар: «У вас не будет второго шанса, воспроизвести первое впечатление!» . Сіз оған бір дегеннен жағымсыз көрініп қалдыңыз енді оны өшіріп тек жақсысын қалдыру әсте мүмкін емес.