МАССАГЕТтің мейрамына ТІЛЕК!

Алдыменен АссалаАААау-мағалейкум!!!
(... Бұл менің жаңа аккаунт, Жаңа кейпім...)
... Армысыңдар ағайын Массагеттік?
Ар ма жаран бір-бірін Аға дейтін?...

(Басына Массагеттің туын байлап,
Көктөбеге қаққан бұл «қада-рейкім»...
мен сені, Массагетім, жырлай берем,-
Қуаттан сарқылғанша батарейкім...)))____________________________________________


Массагетім – алтын дің ауылымдай...
Массагетім – антым бір бауырымдай...!
Күнім, түнім, үнім тұр Массагетте.

Ғылым, білім, Tілім тұр Массагетте...


ПРОлог...

Мүддесіне ұлттың қарап атүсті,
«Күлмесін»,- деп, жұртты ойлаумен тартысты...
 Жаны қалмай қолдап жатып Батысты...
Заңы болмай өз тіліне қатысты...
ҚАЗАҚ бүгін тәспісінен жаңылып,
ҚАЗАҚ бүгін – есебінен шатысты...

Болғанда: ойың - ОЗАТ, азат - САНА,
«АР» да сатып аласың аз ақшаға...
Намысыңның бастауы – ТІЛің сенің,
Мән бер, ҚАЗАҚ баласы – ҚАЗАҚШАңа!!!

_______________________________________________________________________________________________________

 

МАССАГЕТке арнау

Тіліміздің тоң Көшін бастап өктем,
Жалыны мұздықтарды жастап өткен...
Орда боп орнын табар Ғаламторда,
Озыңқы Отау бар ма Массагеттен?!
ҚАЗАҚ ТІЛІ – НАМЫСЫҢ, МҮДДЕҢ СЕНІҢ!!!
Сол сенің беделіңді Асқақ еткен.
Іргетасың қаланды... Қабырғасын -
көтеріп келеді әне Жастар еппен.

Сырғыта алмай сағатты сағынамыз...
Талай сәт, талай қызық бастан өткен...
Бұл ауылдың Қыс, Жазы, Күзі ерекше...
Массагеттің Көктемі - басқа Көктем!

 

Айналайын, МАССАГЕТ,

туылған күнің Құтты Болсын!



Бөлісу: