Массагеттің "ардақтысы" Ардаққа арналады!

Массагеттің "ардақтысы" Ардаққа арналады!
жеке
блог

Ардақты Массагеттерің Ардақтай азаматын ғұмырындағы кезекті көктемімен құттықтағалы отыр!

Құрметті АРДАҚ!!!

Бұл өмірдің сен көрмеген әлі талай қызығы бар, сен дәмін татпаған әлі талай тәттісі бар. Сен жақсылықтың бәріне де лайықсың.


Жылжып бара жатқан уақыт ажарыңа әжім салса да, арманыңа сызат түсірмесін.

 

Сен көтерген шаңырақ шаттыққа, бақытқа толы болсын.

Қатал таңдырдың қараңғы тұсын елемей қабырғаңмен бірге қартая бер!

 

Әрдайым демеу болып, жаныңнан табылатын абзал да, адал жақындарың көп болсын.


 Досқа бай бол!

Сені адам еткен, сені Ардақ еткен қара шаңырақтағы ата-анаң жасай берсін. Өзің де артыңнан "әкелеп", қартайсаң, жетелеп жүретін он шақты Ардақтарға өмір сыйла.

Еркебұланнан: "Арекеңді сыртынан біраз уақыттан бері танитынмын. Массагеттің арқасында бірнеше ай бұрын жеке танысу құрметіне ие болдым.

Арекеңе мақтау сөз арнағым келіп тұрған жоқ. Ол оған мұқтаж емес. Оның орнына нағыз жігітті өрге сүйрейтін асқақ мақсаттар тілейм. Ареке, көтерген шаңырағыңды кеңейте түсіп, жарыңның бақытын баянды қылып, жол көрсетіп, жарқын жаққа жетеле. Еліңе барлық күшіңді сарқып пайдаңды тигізіп, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз ретінде құрметтеліп, бағың ашылған үстіне ашыла түссін!"

 

Еңсеңді түсіретін мұң-қайғыға ер мінезіңмен төтеп беріп, жамандықты жаныңа жолатпа.

Өзіңнен кейінгіге үлгі болар істерің мол болсын!