Массагеттіктер "Шалға" бардық

Массагеттіктер "Шалға" бардық
жеке
блог

Ойда-жоқта болды бәрі. "Шалға" барғанымызды айтам. Ардақ "Шал" шау тартпай шығыпты деп сүйіншілеп түскі ас кезінде киноның нақышын келтіріп айтып отырған. Мен киноның соңы не болды деп қыңқылдағаныммен, Анара "көрген кезде қызық болмай қалады, одан да бәріміз барып көрейік" деп одан әрі қызықтыра түсті. Сөйтіп, Массагеттің жаңарған командасы буынып-түйініп "Арманға" беттедік. 


Тұсаукесер деген. Адам аяғы аз секілді. Кинотеатр біздің иелігімізде :) Қалаған орныңды таңда да, отыра бер ) Бір жағынан өкінішті-ақ...

Бәрібір көңілдіміз. Керісінше, киноға бармай отырғандар осыншама әсерге бөлене алмай қалғандары үшін өкінулері керек ;)

Стоп! "Шал" басталды...

Жарнамасы аз демесең, нағыз қазақтың жаны бар көркем фильм екен. Кинодан өзімді көргендей болып, балалық шағым елестеді, қазақилық тұнған туған ауылымның түтіні көз алдымда көлбеңдеді...

Табиғат тағылары - азулы арландарға деген ыстық сүйіспешілік бүр жарып жатты кеуделерде. Көзге жас тамшылары үйіріліп, адамзаттың қатыгездігі үшін кімді кінәларымызды білмей дал болдық. Өзі айтпақшы, ауылдан ұзап шықпаған көкірек көзі қараңғы осы бір титімдей шалдың алдында өмірдің мәнін ұқтырғаны үшін еріксіз кішірейіп, бас иеді екенсің...

Жасыратыны жоқ, жылап шықтық... 

Солдан оңға қарай: Қайсар, қызы Рауа, Айгерім, Анара, мен, Ардақ, Сания, Фараби, Уалихан

Міне, осылай : )