Массагеттіктер кездесті

Баршаңызға сәлем! Қалдарыңыз қалай? Өздеріңізді сағынып қалдым. Соңғы кезде қолым мүлде босамай кетті. Сіздермен бөлісетін қуанышты жаңалығым бар.

20 мамыр. Сағат 17:00. Телефоным шыр ете қалды. Тұтқаны көтердім:

-"Сәлеметсіз бе! Сіз Назым Сапаровасыз ғой? Мен "Шырайлы Шымкент" республикалық эссе байқауының ұйымдастырушысымын. Құттықтаймын! Сіз жеңімпаз атандыңыз. 29 мамыр Шымкент қаласына келіңіз, 30 марапаттау, 31 арнайы бағдарламамыз бар. Оңтүстік Қазақстанға сапарға дайындала беріңіз",-деді. Төбем көкке жетіп қуандым. Уатцаптағы "Массагеттік достар" атты группадағы достарымнан сүйінші сұрадым. Олар құттықтауды жаудырды.

Сонымен, мен сапарға дайындала бастадым. 27 мамыр поездға мініп, жолға шықтым. 29 мамыр таңертең поездан түстім, ұйымдастырушылар қонақжайлықпен қарсы алды. Отельге келіп, номерге орналасып, өзімді реттеп алып Зелимге (Зелимхан Жолдасов) хабарластым. Өздеріңізге таныс, "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы арқасында танысып едік. Қазіргі таңда 5-6 баламен етене араласамыз. Туысқандай жақын болып кеттік.  "Түстен кейін кездесеміз, отельге келемін",- деп, братаным айтты. (Өзі түнгі 4-ке дейін футбол көрген ұйқылы досымды оятып алдым). Мен де жетекшімнен сұрандым.

Зелим келетін уақыт болып қалды. Біртүрлі қызық. Уатцапта әңгіме қызып жатыр. Бір кезде группаға "Мен келдім",-деп Зелим жазды. Отельден шықтым. Амандасып, қал-жағдайды сұрастық. Бір жақын бауырымды көргендей сезімде болдым. Уатцаптағы группадан гу-гу хаттар келіп жатты. "Кездестіндер ме? Уф, әйтеуір массагеттіктердің біреулері кездесті ғой. Біздің де барғымыз келіп тұр",-деп телефонның ар жағынан достарымыз хат хазып жатты. Зелимның жанында досы бар екен. Есімі - Нұрдәулет. Танысып, үшеуміз қаланы араладық. Шымкент қаласында алғаш болуым еді. Шым қала мен ойлағаннан гөрі үлкен әрі көрікті. 

Зелим, саған рақмет! ҰБТ-ға санаулы күні қалса да, алтын уақытын бөліп, кездесуге келдін. Алдағы уақытта Арекемен (Арай Баймахан), Аятжанмен (Аят Асқарбекұлы), Гүлекемен (Гүлдәрі Құрманбек), Еркемен (Ақерке Ерболған), Жадомен (Жадыра Ерболған), Маликпен (Абдумалик Сейтбеков) және Сағыныш Тасболатпен кездескім келеді. Басымыз бір қосыла нұр үстіне нұр болар еді. Биыл мектеп бітіріп, студент атанғалы жүрген достарымыздың жолын бізге берсің! Алла Жазса Алматыда бәріміз топырлап жүреміз ғой, бір үйдің балаларындай...

Біздің берік достығымызға себепші МАССАГЕТКЕ алғысым шексіз! 



Бөлісу: