Массагеттен Есіл Еркесіне........

Массагеттен Есіл Еркесіне........
жеке
блог

17 қазан күні жалпы Массагет суық бір блогты оқыды. Ол Әйгерімнің "Кедей екенмін" деген жазбасы еді. Өз басым әлгі блогты түсінбей қайта-қайта оқып, жағымсыз әсер алдым. Пікірлерге көз жүгіртсем, бәрі Әйгерімнің жанында екенін, дос екенін жазыпты. Осыдан кейін, неге осыны жай жазғанша, неге дәлелдемейміз деген ойға келдім. Осы ойыммен Жанармен ақылдасып, видео ұйымдастыруды ойладық. Сөйтіп, пост жазылған күннен бастап видео жасауды қолға алдық. Видео барысын өздеріңіз тамашалайсыздар.

Көп созбайын,Алдымен, менің серіктесім әрі видеоның админі Жанар Каримнің ізгі тілегін оқиық.

Жанар Каримнен Есіл Еркесіне...... Әйгерім, Еркем. Сен жалғыз Есіл еркеси емес, менинде еркемсин. Досымсын. Сенин олендерин мен жазбаларыннан куш куат алғанмын талай. Сениң ақ конилиннен досқа деген адалдық корінеді. Сөздеріңнен мейірім сезіледі. Сен нағыз дос деген атқа лайықсын. Досым жоқ демеши. Сениң достарын Массагеттеги аға апкелерің, іні сінлілериң бар. Яғни, біз бармыз .Осы Массагеттің асылдарының ортасында жүрген сен досқа кедей емессің .. Сениң жазбаңнан көп нарсені тусіндім. Ақ көңілдігіңді кордім .

Ой салдын . Сен менин досымсын. Еркемсин . Асылымсын . Еркем Саған Махаббат тын ен биік мунарасына жетуінди. Ен адал достарыннын болуын. Жане де Ен бакытты жан болуынды тілеймін.

Сырдың қызы САлтанат өзгелерден еркшеленіп мына бір суретті жіберді. Қатты ұнады.

Айнұр Ертуғаннан: Есілдің ерке, еркесі болған, Әйгерім!  Массагет әлемінде өзіндік орнын барда, осындағы әр қолданушы сен үшін дос бола алмасада, сен үшін ниеттері түзу, жүректері адал екенін ұмытпа! Сені бәрі жақсы көреді!

Енді менің өзімнен: Әйгерім, еркем, Аянам, сен Есіл ғана емес, жалпы қоғамның еркесісін. Өйткені Есіл баршамыздың еркеміз Ал, Есілдің Еркесі бәріміздің Еркеміз ғой. Өзіңе айтқан едім ғой, сен әлеуметтік желілерде смс жазғанда қуанып қалам деп, себебі сен менің досымсың. Менің жүрегімнен орын ала білдің. Бетпе-бет кездеспей-ақ, виртуалда дүниеде мені өзіңе баурап алдын. Өйткені сен Алтын қызсын.  Алтын қыз. САған бақыт тілеймін, Өйткені сен бақытты болуға лайықсын.

Видеоны ұсынайын сіздерге,  

 

Видео қалай Ұнады ма? Кемшілектер мен  әттең-ай деген тұстар болса айтыңыздар, келесі де қайталамау үшін.

 

 PS: Өзгелердің алғысын алғанды жақсы көремін. "Рахмет саған" деген сөз мен үшін сондай ыстық. Достар жандарыңызға демеу іздесеңіздер осында жазыңыздар. Қолдан келгенше, титтей болсада жаныңызға жылулық сыйлауға тырысамыз.