Армаңыздар, Массагеттік достар!
2017 жылдың аяғында Елбасының жаңа заңға қол қоюы байланысты порталымызда пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді. Заң жобасындағы түзетулерге сәйкес, интернет қолданушылары қазақстандық ресурстарға жасырын пікір (аноним) жаза алмайды. Ол үшін электронды үкімет порталы немесе SMS арқылы идентификациялау туралы келісім жасау керек.
SMS хабарлама арқылы тіркеліп, сайтта пікір қалдырып, блог жазу үшін әріптесім Өмірбек Сансызбай дайындаған мына нұсқаулықты пайдалансаңыздар болады.
1. Massaget.kz сайтының басты беті. Сайтқа "Тіркелу" мен "Кіру" батырмалары жоғарғы бөліктің оң жағында орналасқан.
2. Осыған дейін сайтқа тіркелмеген болсаңыз, "Тіркелу" батырмасын басу арқылы тіркеле аласыз. Ол үшін суретте көрсетілген бағандарды (есіміңіз, e-mail, кілт сөз бен қауіпсіздік кодын) толтырасыз.
3. Ал Сіз осыған дейін Massaget.kz порталына тіркелген болсаңыз, логин мен кілт сөзіңізді терсеңіз болғаны.
4. Логин мен кілт сөзіңізді тергеннен кейін бірден жеке профиліңізге өтесіз.
5. Сайтқа тіркеліп немесе осыған дейінгі логиніңізбен кіргеннен кейін кез келген мақала мен блогтың төменгі бөлігіндегі пікір қалдыру алаңында суреттегідей жол бар. Сол жерге ұялы телефон нөміріңізді пернетақтаның оң жағындағы сандармен емес, әріптердің үстіндегі сандармен жазып, "Сақтау" батырмасын басу керек.
6. Телефон нөміріңізді жазып, сақтағаннан кейін келесі команданы орындаңыз. Осы арқылы растау кодын аласыз. Ол үшін "Пайдаланушы келісімшартымен келісемін" деген тұсқа белгі қою міндетті. Белгі қойылғаннан кейін барып, "Растау кодын алу" батырмасы басылады. Егер телефон нөміріңізді қате жазсаңыз немесе өзге нөмірмен тіркелуді ойласаңыз, "Өзгерту" батырмасын басу арқылы өзгерте аласыз.
7. Осы команданы орындағаннан кейін сіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне растау коды жазылған sms хабарлама келеді. Растау кодын 30 минут ішінде енгізуіңіз қажет.
8. "Рақмет. Сіз енді пікір қалдыра аласыз!" - деген хабарлама шыққаннан кейін міндетті түрде "Ары қарай" батырмасын басу керек. Одан кейін Сіз кез келген мақала, ақпарат пен блогтарға пікір қалдыра аласыз.
Блог жазуға да жол ашық!