Массагетте қонақта болдық

Әне барамыз, міне барамыз деп, бүгін жолымыз түсті Мақпал Сембай екеуіміздің. Негізі Мақпал екеуіміз сыныптаспыз, бір қалада жүріп бір-бірімізді көрмегенімізге 3 жылдан асыпты. Бүгін міне екеуіміздің басымызды Массагет қосты. Өкінішке орай массагет ұжымының барлығын көре алмадық, бірақ ең бастысы Массагеттің "отауын" көргеніме қуанып отырмын.  Болат, Мейіргүл, Мейіржан, Фарабилермен танысып, шай ішіп қайттық.  Тойбастармен қайттық, айтпақшы. Қап фотоаппараттың жоғыншы суретке түсіріп салатын Ақбота мен Аида құсап. Жұмыстан екі сағатқа сұранып едім,  кептелістің салдарынан кешігіііііп келдім. Бірақ бұған "құрметті себеп" бар. Әшейінде басшылардан сөз естісем "үрпиіп" қалатын едім, ал қазір барлығы ұрсысып жатыр. Ал мен блок жазудамын. Туффф не деген жауапкершіліксіз жан едім.

Айтпақшы, маған креслоларыңыз өте ұнады))))) Тринажерный -ау шамасы



Бөлісу: