Массагетті тауға "апардым" бүгін
блог
Бүгін інім сиыр бағуға кеткен. Артынан торы атпен мен де "аттандым". Сиыр жолды жағалай отырып, бірінші таудың артына, ініме бардым.
Ауыл арта қалып барады
Тарам-тарам болған сиыр жолмен жарты сағаттай жүрдім
Ауылым алақандағыдай болып барады
Ауылдың қойын кім бағып жүргенін көре алмадым
Дәл осы жерге жеткендегі, алдыңнан күтіп алатын көріністі көргендегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес!!!
Анау жүрген сиыр табыны. Қазір жетемін
Сұлу да сұлу
Қалайша ғашық қылмасын
Еңлік гүл
Жетіп қалдым
Шашудай шашылған тастар көп
Торы ат екеуміз де селфи жасап))
Шыршаның көлеңкесіне аялдадық
Осы тектес гүлдерді жылангүл дейтін. Мұны жұлсаң, жылан келеді деп айтатын үлкендер, неге екенін
Ары қарай сүгіреттер сөйлесін
Ініме "жеттім"
Бағанадан бері өзімді өзім түсіріп жүр ем, енді інімнің "мазасын ала" бастадым
Қураған ағаш пен шырша
Мын бір сүгіреттен жүріп бара жатқан аттың бейнесін көре алдыңыз ба? Суырдың інінің маңы
Қапталдың бәрі жол...
Төртінші және бесінші таудың арасындағы тоспа көл. Малдар осыннан су ішеді
Сарыала қаздың тоғыз балапаны жүзіп жүрді. "Мама", "папасы" біз кеткенше, ұша алмайтын балапандарын айналшықтап жүріп алды
Сиырлар шөлдерін қандыруда
Таудың басынан ауыл осындай болып көрінеді
Бір гүлді жұлып алдым. Қимасам да
Кішігірім селфи
Сиырлар суға тойды, енді жайылымға кетіп барады
Бір шыршаның түбінен көөөөп бүрлер жинап алдым
Сиырлар жайылымға кетіп барады
Бүрлерді жинау себебім
Осылайша Массагетті тауға алып бардым
Інім - Асқарға рахмет, маған шыдаған))
Тау басын бұлт торлай бастады. Маған "қайт" дегені шығар
Төртінші және бесінші таудың ортасымен ауылға қайттым
Жолай. Әдемі, ә?!
Ауыл көріне бастады
Осындай да өсімдік түрлері бар
Бұл сиыр жолдың жанындағы жыра. Бала кезде сиырларды күтіп алуға шығып, осы жырамен жүре беретінбіз. Сөйтіп, бірінші таудың басынан бір-ақ шығып, сиырлармен бірге "тарайтынбыз". Шаң болып...
Мектебім!
Мына үш ойыс жерге қыста қар қалың болып жауып қалатын. Екі әпкем, мен үшеуміз бұл біздің "төсектеріміз" деп, сол қасақ қарға "бататынбыз"...))
Ал, бұл сиыр тарағанша жоғарғы ауыл, төменгі ауыл болып, барлық бала-шаға қызылгалстук ойнайтын жеріміз болатын. Аяқ киімдерімден шекара жасайтындықтан, нәскиіміздің табаны кожанный болып, сиырмен бірге қайтатынбыз үйге. Біздің кезде тып-тықыр болып жататын бұл жер. Себебі, ойнамаған күніміз жоқ болатын. Ал, қазір шөбі көтеріліп қалыпты біраз. Ойнайтын бала жоқ.
Осымен тамам. Қалай, Массагет, тауға шыққан ұнады ма?