Массагетшілдіктің дерті басып барады

Массагетшілдіктің дерті басып барады
жеке
блог

Әл – Фараби атындағы университеттің журналистика факультетіне түскелі мен оңым мен солымды тани бастадым.  Келіп жатқан студенттер түрлі сайттарды оқыған, кәдуілгі дайындықпен келіп жатты, ал менің бар білерім тек журналист болу ғана болды. Содан кейін интернет журналистиканың не екенін біле бастадым. Бұл пәннің оқытушысы Әйкерім Әлімжан алғашқы күні массагетке тіркеліп, пост жазыңдар деп тапсырма берді.

массагет

Мен әуелі тіпті тіркеле алмай жүрдім. Сосын, амалын жасап тіркелдім де пост дегеннен бейхабар мен тәуелсіздік тақырыбын алға тартып жазып шықтым. Сурет қою деген менде жоқ. Жазбам әуелі тек 17 оқырманды көрсетіп жүрді. Көңілім түсіп, кейіннен рейтингке жұмыс істеп бастадым. Күннен күнге шабыттанып түрлі тақырыптар ойлап таба бастадым. Бар ойым, тақырып тартар деген сенім. Сосын, сол кездегі аты шулы дау «Аңыз адам» хақында жаздым. Оным да аз оқырман жинады. Сөйтіп, болар іс болсын дедім де «ҚазҰУ университет емес» деген тақырыппен университетті мақтап жаздым. Барлығы оқып, университетімде бәрі тақырып қоюға шебер екенсің деп те мақтады. Көкірек керу менде жоқ, тіпті ұяла бастадым. Осылайша, аз да болса 1 курста пісіп жатырмын.

массагет

Мамандығымның қаншалықты маңызды екендігін түсіне бастадым. Мұның барлығына көзімді ашқан дәл осы массагет болды. «Кругозорым» деп жатамыз ғой, жан – жақты білімді бола бастадым. Оған негіз болған да массагет. Жалпы, мен алғашқы күндерімнен бастап массагетпен «ауырып» жүрмін. Факультетімдегі достарым жолда көрсе «массагет» десе болды «әу» деп жалт қарайтын болыппын. Маған «массагет» деп ат қойып,кейде расында солай сияқты көрініп қалады.

массагет

        Мен үшін массагет мамандық жағынан дамуыма, пісіп – жетілуіме көмектеседі. Массагеттің оқырманы өте көп. Рейтингі жағынан отыздан көтерілмейді. Қаншама оқырманға ой салатын мақалалар мен жұмыстарды да дәл осы массагет арқылы атқаруға болады. Мемлекет үшін, жастардың санасын улаған дерттен айықтыру үшін де бірден – бір көмек бола алатын да осы массагет. Қысқасы, жастарға, сайт ұжымына пайдам тиеді деген нық сеніммен алға басқан алғашқы қадамдарымның бірі дәл осы массагеттен бастау алса мен үшін шығармашылық, мәртебе, еңбек пен көмек деген осы болар, бәлкім...