Массагетпен мас болып
блог
Бәріңе сәлем!
Блог жалықтырды. Мүмкін ол туралы блогта жазу орынсыз шығар. Бірақ, жазатын орнын шешетін мен болған соң, осында жаздым. Жазбаның мақсаты - танысу, немесе таныстыру, әлде жай ғана бар екенімді, осында екенімді білдіріп тастау.
Әй, қойшы соны, қысқасы мен де "Массагетпен" масаттануға, не мас болуға келдім. Үнемі 24 сағаттың 23 сағат 30 минутында осында боламын деп уәде беруден аулақпын, әрине. Дегенмен, енді авторизацияланған, сайтқа кірген күйде отыратын боламын.
Далбасалап кеткен сияқтымын. Айтпақшы, Мен өзімнің профилімде "Діни көзқарастар" деген бөлімге біраз қосымша пункттер қосылса деген тілегімді қарсы алатын жұрт табылса, администрация арасынан. Мысалы, "Баспанам" мен "Отбасылық жағдайым" пункттеріндегі сияқты.
Ұсыныстар:
1) "Дінге сенбеймін", не "Діншіл емеспін".
2) "Мазаламаңдаршы".
3) "Өзім ие, өзім патшамын".
және т.б.
Сосын, "Күн тәртібі" пунктінде біраз ақау бар сияқты. "Кеш ұйықтаймын" десем, мені жүйе "Ерте ұйықтатып" тастады. Айтпақшы, мені профильдегі тек қана "Діни көзқарас" емес, "Саяси көзқарас" та онша көңілімнен шықпады. Кішкене толықтыру керек сияқты.
Ұсыныстар:
1) "Сайқалдарға қызықпаймын".
2) "Саясат менің не теңім".
3) "Екіжүзді емеспін"
Миымның ойлану жылдамдығына әрең ілесіп, осына жазып үлгердім. Негізі, тым қатал екенсің десеңдер, қарсы емеспін. Өз ойымды ғана айтқанмын.
Айтпақшы, блогта түсініксіз жазбалар ғана жазамын. Сондықтан, пікірлерде "Не деп кеткенсің", "Түк түсінсем бұйырмасын" деген сөйлемдерді жазып әуре болмай, ауылымды айналып өте салғандарың дұрыс сияқты. Ауыр музыка мен түсініксіз әдеби мәтіндерге қатысты өзімнің ойым, адам көрмейтін фильмдерге рецензиялар жарияланып тұратын шығар. Мүмкін, жоқ бек мүмкін.
Қысқасы, чао!
Пы.Сы. Мәссаған, қанша әріп теріп тастағанмын :)