Массагетпен достығымызға 3 жыл!

Массагет порталына 5 жыл, менің массагетпен таныс болғаныма 3 жыл. Массагет жақсы болмаса бұлай 5 жылдығын бірге атап жатпас едік.

Бірде массагеттен «Айлықтан айлыққа дейін» деген блог оқыдым. Айлықты бір айға жеткізе алмай, қарызданып, қауғаланып жүрген күйбіңді жақсылап суреттеп берген екен бір замандасымыз. Өзімді көргендей болдым, содан бастап айлығымды жүйелі түрде жұмсай білу мәселесін қолға алдым. Қазір айлықты жұмсау жоспарын құрып, бюджетте қаралмаған заттарға жоламай, өзімді әбден машықтандырып алдым. Әрине, массагет, саған рахмет!

Массагет осы сияқты мықты-мықты мотивациялар бере алады.

Сайттың мәдениет, спорт және техника салаларындағы жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып жазатыны ұнайды.

Блогшы жастардың жалынды жігерлері мен ұмтылыстары қуантады. Бір-бір биік тұлғалары өсіп кел жатыр еліміздің.

Сайт ұжымының қазақылық пен жаңашылдықты мықты ұштастыра алатындарына тәнтімін. Көп адамдар жаңашыл болам деп қазақылықтан, қазақы болам деп жаңашылдықтан адасып кетіп жатады ғой.

Жасай беріңіздер, мен сіздермен біргемін!



Бөлісу: