Сәлем,Массагет!
Міне,Массагетпен бірге жыл он екі ай да өтіпті...
Мен Массагетке қалай келдім?!
Алғашында көптің біріндей "Массагет" атты жаңа қазақ ойын-сауық порталын оқып жүрдім... Күннен - күнге қызықтыра бастады.. Масса-мания..)
Мұндай сайтқа тіркелу де оңайға түспейді екен... Тіркелдім..
Келе сап, "Сәлем,Массагет! Мен келдім.",-деп өзімді таныстыруға көштім.. Мұндағы жақындарымды Кегенге шақырдым... Біртіндеп эстафеталарға қатыса бастадым. Тіпті, "таяқшасыз" жазып та жіберген кездерім бар. Таяқша не үшін екенін білмейтін едім...
Жоғарыда "жақындарым" деп жаныма жақын тарта айтып кеттім. Олармен осы жерде таныстым..
"Ардақ дейтін ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар",-деп ағама еркелеймін әрқашан. Ардақ Құлтай ағам мен Анара Мұстафина апай,Сания Аринова, Ғазиза Ұзақ, Айгерім Сматуллаева,Айкона Н, Абылай Есімбай, Қос Мақпал, Сарғалдақ.. Бәрі-бәрі менің жақындарым. Бауырларым...
Жаныма жақын Массагеттіктер, Мен Сіздерді жақсы көрем. Өздеріңізге деген алғыс пен сүйіспеншілік мені қанаттандырады.
Массагетпен 100 жыл бірге болғым келеді.. Себебі, мұнда Жақындарым өмір сүреді...
Асқан ілтипатпен: Әлия ІҢКӘРБЕК.