Массагетім менің...

Массагетім менің...
жеке
блог

Қалайсыздар массагеттіктер? Мені ұмытып қалған шығарсыздар. Өткенде өзімді таныстырғанмын. Содан кейін жоқ болып кеттім ғо Laughing  Мені танымайтындарға өзімді таныстырсам менің есімім Айсана, Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол (Кулагино) селосында 1999 жылы дүниеге келгенмін, 8 сыныпта оқимын.

 Массагетте өзімнің құрдастарымды таба алмай жүрмін. Сірә, ең кішісі мен шығармын. Өтееее жақсы жазбалар жазуға әлі шамам жетпейді.Бірақ шамам жеткенше сіздерді жақсы жазбаларыммен қуантып тұруға тырысамын. Эстафета бастап жатсаңыздар мені ұмытып кетпеңіздер, қуана-қуана жалғастырамынWink Алғашқы жазбамда массагет ұсынған "Достық" салатын технология пәнінен жасайтынымызды айтқанмын. Бірақ, мен грипп+аллергиямен  1 апта ауырып үйде жаттым. Бірақ, басқа да жеңіл тағамдарды жасап фоторепортаж жасауға сөз беремін. Wink Негізі, айтарлықтай жаңалықтарым жоқ. Бірақ, массагетімді,сіздерді сағынғасын біз жазба жазғым келді.

Ой, көп сөйлеп кеткен сияқтымын, кешіріңіздер!!! Smile