Массагетіктер не оқиды?

Бір сайтты күнделікті оқып, сол ортамен араласқанды сондай жақсы көрем. Массагет ашылған күннен бірге келе жатқан соң да ең ыстық, жаныма жақын сайт.

Жұмысқа байланысты кейде пікір жаза алмай қалсам да бәріңіздің жазбаларыңызды оқып тұрам. "Анау қайда кетті екен, жазбай кетті ғой, не болды екен" деген сияқты сұрақтар менде көп пайда болады, бірақ көбі жастар болғасын да жекеде сөйлеспегесін жауапсыз қалады... 

Күнделікті блог оқып, оқырмандардың пікірлеріне қарап массагеттің орташа есеппен оқырманын не қызықтыратынын, не ойымен бөліскісі келетінін білуге болады. 

1. Массагетте көбіне кімдер отырады? Көбіне оқушылар мен студенттер. Жас аралығы орта есеппен  15-25 жас

2. Массагеттіктер көбіне қандай тақырыптар жазады? Махаббат, ішкі күй, сағыныш, әңгіме, ұзақ-ұзақ түсіндірмелер, өлеңдер, өз шығармалары, мотиваторлар мен демативаторларды, суретті постарды ұнатады, туған күнмен құттықтағанды ұнатады

3. Массагетіктер қандай тақырыптарды көп пікірлейді? Махаббат, ішкі күй туралы жазылған нәрселерге көбіне жақсы болады, уайымдама деген пікірлер қалдырады. 

4. Массагеттіктерді қандай тақырыптар қызықтырмайды? ауыр тақырыптар, маңыздылығы бар тақырыптар өте аз қаралады. Кино, музыка жайлы ойлар аз қаралады

5. Жұлдыздар жайлы тақырыптар көп оқылып, жұлдыз болуға деген ұмтылыс өте қатты байқалады. 

Бастысы массагеттің аудиториясына қарай көңілді, позитивті немесе қарама-қарсы көңіл күйдің жоқтығы сияқты тақырыптар оқылады. Жастықтың өзі сияқты мың құбылған тақырыптар көп оқылады. 

Ең бастысы мен массагетті де массагеттіктерді де жақсы көрем :)




Бөлісу: