Массагетке ризамын!

         Ас-саaa-лауyy-мағалейкүүүүм, ағайын! (Осылай көкірегіңді керіп тұрып амандасқанға не жетсін, шіркін?!). Көптен бері ғаламтор әлемінен алыстап, миымды бір демалтып, форматтап алдым. Қалай дейсіздер ғой? «Жалғыздық» арқылы. Жалғыздық-құдайға ғана жарасады. Рас. Бірақ, адам баласы тумысынан жалғыз. Құдай жалғыз, мен жалғыз деген сөз бұның дәлелі іспеттес. Жалғыздық – оқшаулану емес, оның табиғатына үңiле бiлу, онымен iштей ұғыса бiлу ол біздің санамызда болып тұруы тиіс құбылыс. Себебі, ол - адамның жақсы сұхбаттасы. Сағынып барып келгесін бе, білмеймін, Массагетке бас салып оқып жатырмын, оқып жатырмын. Көңіл көкжиегіңді ашар, біресе көкке ұшыратын, біресе тұңғиыққа батыратын неше бір түрлі мақалалар, әңгімелер, өлең-жырлар, блогтар  бітер емес, бітпесін де! Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болып тұрған заманда қазақ тілінің жанашыры бола білген, қазақ тілді оқырмандардың көңілінен шыға білген Массагетке ризамын! Тілі шешен, ойы жүйрік, терең зерделі оқырмандарың көп болсын!    



Бөлісу: