Массагетке рақмет...

Массагетке рақмет...
жеке
блог

                                                Рақмет саған - массагет!

Мен бірінші курс студентімін. Қызық өмірге жаңадан аяқ басушымын десем де қателеспеймін. Алғашқы күндер, алғашқы сабақтар жүріп жатты. Көп нәрсені түсініп байыбына бара алмай ұзақ сандалдым. Шатаса бастадым. Дәл осы сәтте уй жұмыстарыда тым көбейіп кетті. Оқисың әрине. Ол жақсы ғой бірақ интернетті қателесіп жамандаған мына заманда бір ұстазымыз бізге "блог жазыңдар" дегенді шығарды. "Туууу оқитын кітаптарым аздай енді блог жазу деген қайдан шықты" деп ішімнен ойланып қалдым. үйге келген соң күнделікті тірлік, сабақ, үй жұмысы деп отырып уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін менде байқамаған едім. Жазбайын десем сабаққа дайын болмай барған дұрыс емес. жазайын десем сағат түнгі үш болды. Содан не болсада жазуыма тура келгенін түсіндімде массагетке тіркелдім. Алғашқы блогымды жарияладым. Ондада блогтың не екенін біліп, түсініп жатқан мен жоқ. ертесі сабаққа бардым. Улкен зал. Апай кімнің үй жұмысын орындағанын сұрай бастады. Мен қол көтердім. залдағы компьютерден оқушыларға мысал көрсетуге апай менің блогымды ашты. Қарасам менің жай ғана жазған блогыма сурет енгізіліп коментарилар жазылып ашық пікір талас алаңына айнала бастағанын байқадым. Сол сәтте менің блогқа деген бір түрлі қызығушылығым оянды. Пікірлерге жауап қайтара бастадым. Шындығына келгенде блог өз пікіріңді айтып қана тоқталып қалмай, көзқарастар туғызуға, тек жан-жағыңмен шектеліп қалмай кең ауқымда пікір таласуыңа зор үлесін тигізеді.  бір пікір жаза отырып адамдардың ойын зерттейсің. өзгеге ақпарат бере отырып өзіңде жетілесің. сергисің. менің түйіп түсінгенім сол. Тегін блог жүйесі маған қатты ұнады. ең алдымен осыны айтқан ұстазыма екнішіден массагетке рақмет айта отырып жастарды блог жазуға шақырамын.