Массагетке кеп қалдық
блог
Фэйсбуктағы парақшама Ардақ Құлтайдың осы сайтқа сілтемесі шыға береді. Алам да кірем. Ардақ Құлтай деген ҚазҰУ-дағы інім ғой. Өзімнен бір курс төмен оқыды, филфактағы бірқатар шараларды бірге ұйымдастырып жүрдік. Өзі бір белсенді бала болды, әу бастан. ҚазҰУ-дан кеткен соң есімі осындай жаныма жақындау, бірқыдыру таныстығым бар жандар не істеп жүр, қайда жүр деген сұрақ мазаламай қойған емес. Сол сұрақтың жауабын тапқандаймын. Байқасам, Ардақ массагет.кз деген сайттың белсендісі екен. Інімнің шығармашылығын біліп отыру үшін осы жаққа кіріп тұратынды шығардым. Екіншісі-Мейіргүл Оңғарова. Ең алғаш ҚазҰУ-ге келгенде "мен сізбен бір мектепте оқыдым ғой" деген өзім сияқты қара қыздың пысықтығын бірден байқағам. Байқағаным алдамапты, Мейіргүл қазір блогерлер арасында танымалдылыққа ие боп жүрген, жаңа заман журналистикасы өкілдерінің біріне айналып келеді. Үшіншісі Шерхан Талап! Айналайын, бұл менің қайынінім. Атын мақтанышпен айтатын інім. ҚазҰУ-ға келгенде бірден бауыр тартып кеткенім. Жаныңда Аслан Тілгенов пен Айболым да бар. ҚазҰУ-дың белсендісі боп жүргенде 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына өзімізше мүшәйра ұйымдастырғанбыз. "АйАру" деген қыздар клубымыз болды. Сол мүшәйраның бас жүлдесін алды. Шатыспасам, сол кезде оқуға енді келген кезі. Бұл Шерханың менің бір жинаққа шыққан шатпақтарымды оқып, сіз Ақмоншақ Жұмаевасыз ба деп танысқан болатын менімен... Сол мүшәйрада-ақ ол өзінің талантын танытқан еді. Әділқазылар алқасына өз әлімізше Қасымхан Бегманов, Есей Жеңісұлы сынды ағаларды шақырғанбыз. Қалғаны есімде жоқ.
Міне, осындай іні-сіңлірімді жоғалтып алмайын деп ендім бұл жаққа. Жаза беріңдер. Мен қазір өте алыстамын. Бірақ "айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызатын жүйрігім" бар, шүкір.