Массагетке қайта оралдым!
жеке
блог
блог
Салем Массагет!
Сәлем бердік массагеттіктер!!! Қалайсыздар??? Массагет жаңалықтарға толып қалыпты... Кірмегенімізге неше айдың жүзі болды?... «Бұл қай қыз өзі?» деп отырған боларсыздар... Ия, әрине , массагетке әлі атымыз шығақойған жоқ... Себебі ғаламтор желісіне отыратын уақыт шықпай жатыр. Уақыттың ішінен уақытты шығарайын десеңде, ол оқуға жұмсалып кетуде... Жазғы демалысым мектептен тыс оқуға жұмсалуда.. Ол оқу әлі жалғасады, әрине амандық болса, жалғастырамын және де оқуымнан үйренгенімді арнайы МАССАГЕТке жазамын.. Әлі үйренетін нәрселер көп қой. Бірақ Сіздерді осы күткізгенім де жетер. Енді үнемі МАССАГЕТке кіріп, жазбаларымды жазып отырамын деп уәде бере алмаймын, әрине сіздер түсіністікпен қарап, «әйтеуір бұл қыз сүрінбей, аман – есен болсыншы өзі» ))) дегендеріңіз маған жетіп артылады. Массагеттік бас қосуға барсам ренжімейтін боларсыздар деп үміттенемін... Себебі жазып жатқан жазбаларымыз жоқ қой. Ал жарайды енді...
МАССАГЕТ қауымы, тек амандықта жүздескенше!!!
Деп екі жыл бұрын жазыппын... Осыдан екі жыл бұрын Астана қаласындағы Абылайхан қымызханасында Есіл еркесінің ұйымдастыруымен Массагет блогерлерінің бас қосуы өткен болатын. Сонда асығып келіп, жарты сағаттай отырдым да кетіп қалған едім. Ал, мен енді келдім. Талай өзгеріс байқап отырмын.. Дизайнер жағынан, блогтар мен жарыстар да көбейгенін көріп қуанып отырмын. Қайта оралдым, өз басым соған мәзбін әйтеуір)) Массагет жеңісіңді естіп жатырмын! Құтты болсын блогерлер, журналистер, Массагеттер)) Тағы бір бас қосу болса ғой.. Осы жолы бас қосу болса, күмәнім жоқ, адамдар көп жиналары анық)))