Массагетке қарай жол

Бірден тақырып қоюға асықпайын. Не жазарымды нақтылап алғам жоқ. Жазуды ұмытып та қалған сияқтымын. Жоқ, ұмыттым демейін, жазудан жатырқап қалған шығармын. Білмеймін, соңында оқып болып айтам қорытындысын. Көп ай оралмай жүріп, Массагетте блог дәптерін қайта ашып отқан бұл қыз бүгін батыр. Мұнда жазбай кеткенімді тұрмыс құрып, балалы болғаныммен ақтала алмаймын. Жазам десең, ештеңе кедергі болмайды. Қазір, білесіңдер ме, бір қолыммен бесік тербетіп отырып жазып отырмын. Өйткені мен сендерді, Массагетті сағындым, бауырларым)

Білем, (аздап болса да), сендерде көп жаңалық бар. Сығалап, сығалап біразыңның жазбаларыңды оқып кетіп жүрмін. Бала кезде көрші үйге қонақ келсе, шарбағынан сығалайтын ек. Сол секілді жаңадан келген қолданушыларды да байқап жүрмін. Тек араларында кейде адасып кете жаздаймын. Мені танитындардың мұнда азы ғана бар шығар. 

Соңғы блогымды қалдырғаныма біраз болыпты. Менде жаңалық көп. Басты жаңалық - мама болуым. Бұл жаңалық әлі талай бақытты блогтарға тақырып болар. Ана болып адам қартаймайды, керісінше, жасарады екен. Мен жиырмадан да жаспын қазір. Өйткені бұл кішкентай ғана жүректің иесі туылғалы (4 ай болды) мен бір күнімді де жымиып күлмей өткізген жоқпын. Күлкі адамды жасартады деуші едіңдер ғо. Содан ғо айтып жатқаным. 

Мәәә, ішім тоооолып тұр бар ғой. Бәәәәәрін ұйықтатып сатырлатып отырмын. Сендерге айтарым көп. Жәймеееен асықпай жаза жатармын.

Енді Бегалин мен Байтасов көшелерін табанымен тоздырып жүрген әріптестеріммен сәлемдесейін. "Сәлееееем бәріне", "сау болыңыздар" деп кіріп-шығып жүретін редакциямыз қалай? Өздеріңіз қалайсыздар? 

Соңына нүкте емес, үтір қояйын, (ырымы болсын)

Мәәәә, енді кім пікір жазды екен деп тынышым кететін болды-ау)))))))))))))))))) (Сондай күндер басталды деш)

 

 

 



Бөлісу: