Массагетке бес жыл!

Массагетке бес жыл!
жеке
блог

Сәлем достар, қалайсыздар?! Кезекті блог жазатын уақыт та келіпті. Алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, өзімнің массагетіммен таныстығымды баяндайын.

Массагетті қызыға оқитыныма 2 жыл толып отыр. Бұрындары мұғалім берген тапсырмаларды орындауға "Массагет" досым көп көмектесетін еді. Массагетке 5 жыл. Менің оқырман болғаныма екі жыл. Мүмкін, мен ғаламторды пайдаланғаныма екі жыл толып отыр десем өтірік айтқаным емес шығар? Әйтпесе, ғаламтор пайдаланғанымда Массагетіме сол 5 жыл бойы кіріп келер едім ғой! Міне, "Мақсатыңа Массагетпен жет" байқауының өзі менің Массагетпен жақсы дос болуыма көөөп жәрдемдесті. Бұрындары Массагетке алыстан қызыға қарасам, ал қазір керісінше, жақыннан қызыға қарап жүрмін. Массагет арқылы көөп нәрсе үйрендім. Достар таба білдім. Өмірбек ағай мен Әсел әпкемен де таныс болдым. Әсел әпкеден үлгіні де өнегені де бойыма сіңіре білдім.

 Сонымен қазақ журналистикасының дамуына орасан үлес қосқан "Массагет" порталының 5 жылғы ғұмырында кішкентай оқырман нені түйсінді, не үйренді?! 

Сонымен, Массагет маған не үйретті?

1. Массагет – мені алға жетеледі. Ең бастысы, мотивация арқылы мені шыңдады. Құламауды үйретті. Құлағанда қайта тұруды үйретті.

2. Массагетім маған көп кеңестер берді. Тіпті, құрбыларым мен анам айтпайтын ішкі ойларымен бөлісті.

3. Массагет – менің шынайы қазақ қызы болуыма септігін тигізді.

6. Массагет – маған мақала жазып үйретті. Әр жазғанымның кем-кетігін түзеп, дұрыс жазғанымда қолдады, бір нәрсе жетіспей тұрғанында демеді.

7. Массагет – маған компьютермен журналистше жұмыс істеуді үйретті. Оны қолдана алмайтын мені апта сайын екі блог жазғызып, компьютердің алдына отырғызды.

8. Массагет – маған сабырлылықты үйретті, өмірдің бірде жеңіс, бірде жеңіліс екеніне көзімді жеткізді. 

9. Массагет – мені танытты. Көп болмаса да аз адамға белгілі етті. Аты белгісіз, жай жүргенше өмірге аздап болса да қадам басуды, алға жылжуды өсиет етті.  

10. Массагет – маған көп дос тауып берді. Жай дос емес, жақсы достар тауып берді. Олардың барына, шүкір!

11. Ең бастысы, Массагет маған мақсатыма жетуіме себепші болды. Мақсатқа жетуді үйретті. Мақсат қоюды үйретті.

Осындай порталмен дос болған адам, өмірде өз орнын табары анық. Массагетте бәрі бар, жақсы адамдар, ақыл кеңестер, үй шаруасына жәрдемші, ойлар, мотивация, ішкі сезімдер, ой бөліс, сені мазалаған сұрақ, соңғы жаңалықтар, тұрақты оқырмандар, жазары жалынды журналистер, тұрақты оқырмандар бәрі-бәрі бар. Ендеше, Массагет 5 жылғы ғұмырында 5 жыл бойғы таныс адамға одан да көп нәрсе үйретті. Массагет – менің үшінші ұстазым. Ол өз оқушысын өмір майданына дайындай білді. Өз оқушысының жетістікке жетуіне көп көмектесті. Бір адамның емес, барша оқырманның, блогерлердің жақсы сырласы бола білді. Массагетім сенің барыңа, бәріне шүкір! Біздің Массагетке 5 жыл!!!