Массагетке Астанадан қонақ келді

Сайтымыздың қолданушысы Аида Төлеубай Астанадан Алматыға қыдырып келгенін айтып хабарласқанда, бір қуанып едік, кеше кеңсемізге келем деген уәдесін орындағаны үшін екі қуандық :) 

Әдемі Аиданы әдемі ақ розамен бірге сайтымыздың атынан естелік сыйлықтар күтіп тұрды :) 

Аида ашық, бауырмал адам екен. Тез шүйіркелесіп кеттік. Ортақ әңгімеміз де Массагеттің қолданушылары, Массагеттегі жазбалар туралы болды. 

Интернет белсендісі Аидамен танысқанымызға шын қуаныштымыз :) 



Бөлісу: