Қайырлы күн! Массагет.kz сайтының тұрғындары мен оқырмандары!
Мен алғаш рет осы сайтқа естеріңізде болса Мақпал Үмбетәліқызы - деген есіммен тіркелген едім. Пароль жаттай алмайтын бір әдетім бар, ұмытып қала беремін. Енді амал не ? Массагетке жазба жазу о баста бұйырмаған екенғой - деп сырттай жазылған жазбаларды, айтылған кеңестерді, бәрін-бәрін оқып жүрген едім, бірақ қайта жаңасын ашып осы ауылдың менде бір тұрғыны болғым келді!
Ал, Массагеттіктер қабылдайсыздар ма?
Қабылдасаңыздар, дос болайық!
Маған: Кімсің? - деп сұрақ қойғыларыңыз келсе, жауап берейін.
Мен Ералы Мақпал Үмбетәліқызы 1993 жылдың мамыр айының 23-ші жұлдызында, Оңтүстік Қазақстан Облысында дүниеге келдім. Қазіргі таңда ОҚМПИ-ның 2 курс студентімін, мамандығым - педагог.
Дінім - Ислам. Ұлтым - Қазақ.
Өмірде қадір тұтатын адамдарым көп. Әрине ең бірінші - Анам, Әкем, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.а), Абай Құнанбаев. Жалпы ең бастысы осы тұлғалар. Бұл тұлғалардан үйренгенім көп.
Ал хоббиге келсек нақты хоббиім жоқ. Көңілім қалаған, ұнаған ісіммен қисыны келіп жатса айналысуға уақыт табамын.
Музыканы унатамын, 4 жылдай Домбыра үйірмесіне қатысқанмын, қазір домбыраны көп қолыма ала бермеймін. Домбыраны қазір осы уақытта алып жүрмегеніме өкінемін әледе.
Спорттың нақты түрімен айналысқан емеспін. Таңғы жаттығуларды жасап тұрамын. Қысқы спорт түрлерінен - мәнерлеп сырғанау ұнайды. сонымен қатар соңғы уақытта үлкен тенис пен бейсболға қызығып жүрмін.
Кітап оқығанды ұнатамын. Сонымен қатар газет-журналдарды да.
Әзірге айтарым осы...