Массагет веб парақшасының әрленуі (дизайны) сізге ұнай ма?

Массагет веб парақшасының әрленуі (дизайны) сізге ұнай ма?
жеке
блог

Мен Массагет веб парақшасында бірінші рет блог жазғалы тұрмын, сондықтан менің жазуымнан қателіктер тапсаңыздар немесе айтар ұсыныстарыңыз болса ұялмаңыздар мен барлығыңызды тыңдап өз жаңылыстарымды түзеуге әзірмін. 

Массагет туралы естігеніме біраз болды, алайда тіркеліп, сіздермен өй болісуге тек бүгін ғана тәуекел еттім. "Осы Массагетте оқырмандар аз секілді" - деген ой сіздерде бұрын болды ма? Шыныменде, былай алып қарасақ сол yvision өзінде - жазушыларда, оқырманда толып жатқан секілді. Ал Масагетте құтты бір, бірнеше қазақтар ғана жиналып, бір-бірімен ғана сөйлесіп жатқан секілді. Мысалы, кейбір "Жұлдызды" блогтарды алып қарасақ, "көрген" адамдар саны 1000-ға дейін жетуі мүмкін, бірақ өзінің пікірін не көз қарасын қалдырғандар бірең сараң ғана.  

Адамдарды жинаудың бір әдісі - жақсы безендірілген, тиянақты дайылдалған веб сайтты жасау. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, кейбір сайттарда отырған өте ыңғайлы. Массагет сондай сайтқа жата ма?

Бірнеше сәттерге көңіл аударайық:

 Массагет.кз

Бас бетту тұрған мына сурет маған ұнайды, бірақта ақ түсті жазулар мен ашық түсті сурет бір бірімен шағылысады, яғни кейбір адамдар онда жазу бар екенін байқамай қалуыда мүмкін.

Оң жақ төбеде, ТенгриФМ және Жұлдыз жазуларының үстінде, біз жазу нұсқасын таңдай аламыз. Мен қызығушылықпен Араб жазуына басып көрдім, бірақ көріп отырғандарыңыздай мен қайтадан қазақ тіліне  ауыстыратын батырманы тапқан жоқпын. Сөйтсем, төбедегі суреттегідей, ол ТенгиФМ жазуының тап үстінде тұр екен. "Қаз" деген жазудың орнына арабша түрі жазылып тұр. 

Келесі сурет назар аудырыңыз, бұл жерде екі қызықты жағдайға тоқталғым келіп тұр.

Массагет

1) Мұндай айна, орыс тілінде "диалоговое окно" деп аталады. Бұл сәт, қолданушымен сайттың арасындағы диалог. Веб сайт бізден белгілі бір ақпаратты сұрайды, оған жауап бері бермеу өзімізге байланысты. Бірақ, сізден "Есімі", "Тегі" деген сөздердің орнына бізден "Есіміңізді енгізіңіз" немесе "Тегіңізді осы жерге жазыуыңызды сұраймыз" деп жазылса тамаша болар еді.

2) Тіркелу батырмасының үстінде "Суретті жаңартыңыз" деген жазу бар, жәнеде оған басуға да болады, бірақ басқанмен сурет жаңартылмайды, ешқандай өзгерістер болмайды. Сонда мұндай жазудың не қажеті бар?

 Массагет

Шынымды айтсам, мен сайтқа тіркелген соң, бірдестен блог жазатын жерді таба алмадым. Бірінші өзімнің профилімнен іздеп көрдім. Кейін "Блогтар" парақшасына кірдім. Мұнда "Ең қызықты", "Жұлдызды" деген айдарлар тұрды, сол себепті мен автоматты түрде "Менің блогтарым", "Шимай", "Блог Жазу" беттерін айдарлар деп қалдым, яғни біз басқалардың Шимайларын көріп оларға көмек бере аламыз деп ойладым. Ал "Блог жазудың" ішінде блога жазу туралы әр түрлі мақалалар немесе тренингтер тұр деп ойладым. Сөйтсем осы жарде өзің блог жазу керек екенсің.

Бұл айдарлар мүмкін бір бірінен бөлек тұрғаны дұрыс болар және жаңа қазақ тілінде блог жазушыларға кеңестер айдары болса тамаша болар еді. Сонымен қатар, блогта жасалған әр бір өзгертулер Шимайда өзі автоматты түрде сақталса тамаша болар еді. Өйткені, жақсы интернет сапасы барлығымызда болмауы мүмкін, жазған ойларымызды Шимайға сақтауға үлгермеуіміз мүмкін, не ұмытыпта кетуіміз мүмкін.

МассагетАғылшын тілін білетіндер көлемі қазақ жерінде күннен күнге өсіп келеді, дегенмен, арамызда бұл тілде білмейтіндер де баршылық. Сондықтан, төбедегі Анонс туралы жазылып тұрған қателікті көбісі түсінбеуі мүмкін. Қазақ тіліне арналған жоба болған соң, бұл веб парақша тек қазақ тілінде әрленсе жақсы болар еді.

Жаңа тіркелген, қарапайым адамға блог жазу оңай емес. Шрифтты өзгертудің өзі туралы бөлек блог жазуға болады, өйткені өте қиын. Мүмкін ол туралы кейінірек бөлісермін.    

Әрине, бәрімізде сынауға келгенде өте жақсымыз, кейде қатесі жоқ дұрыс нәрседенде қате табуға тырысамыз. Мен біразын тапқандай секілдімін, дегенмен, Массагет жобасы маған қатты ұнайды. Мұнда қаншама қазақтар және қазақ тілін үйренемін деген адамдар бір бірімен бас қосып, ой бөлісе алады. Тек осы адамдар осы веб парақшада адамдар кішкене көбірек болса ғой, сірә.