Соңғы кезде көп адам кітап оқымайды деп жұрт дабыл қағуда. Айгерім де басқа-басқа, филология факультетінің студенттеріне дейін кітап оқымайды деп блог жазған болатын. Жалпы тайлы-тұяғымызбен интернетке көшіп кетсек те, балалық шақта кітап кеміріп өскен ұрпақтың қатарынан болғасын да кітапқа бір табан жақын тұрады екенсің.
Кітап демекші, Massaget.kz кеңсесінде кітапхана бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бүгін сол кітаптарды ақтарып отырсам, расымен әжептәуір кітапханамыз пайда болып қалыпты. Сол кітаптардың жартысының жартысымен таныстырайын.
Сіз де өз кітапханаңызды таныстыра отырыңыз