Массагет туралы ойлар

Массагет туралы ойлар
жеке
блог

1) Достары дегенді ашып едім,"достар қатарына қосу" яғни мені әлі достар қатарынан көргісі келмейтін массагеттіктердің тізімі тұр. Ал менің ұсынысым бойынша "достар қатарына қосылды"деген массагеттіктер неге екені белгісіз жоқ.
2)Менің "Массагет"сайтына тіркелгендегі көрсеткен әлеуметтік желіме;( Сіздің пікіріңізге жауап жазылды) деп келіп тұрады. Сіздің блогыңызға ПІКІР жазылды деп неге келмейді екен деп ойлап қоям...Уақытында хабарланып тұрса,уақытында жауап жазып,ұятты болып қалмас едік...
3)Жазылған пікір шұғыл түрде (модераторлық тексеріссіз))) басты бетке шығып тұрса,автоматты түрде... Шағым түсіп жатса модераторлық құқықты пайдалануға болады ғой!
4)Танымал блогты таңдау тәртібін түсіне алмадым,(лайк,рейтингтің түк рөлі жоғын түсіндім) Шамасы кезекші модератордың көңіл күйіне байланысты болса керек!)
5)Менің рұқсат етуіме байланысты балаларым Массагет сайтын көріп отырады ,; Әке сіздің оқырмандарыңызды 300ге толтырып қойдым ,-дейді ұлым,риза болып... Оқырмандар цифры нақты оқыған адамдар санымен байланысты болса...Бір оқырман,бір таяқ!
6)Генерал болуды армандамаған сарбаз-сарбаз емес,-деген... Лайк, рейтингтік жүйені ,пікірлерді,нақты оқырмандар санын ескере отырып,әр күн сайын  танымал блог санын біреу ғана жасаса... Жаңа блогтар да оқылар еді...
7)Алла сіздерге жар болсын!