Массагет сайты туралы бiрер сөз

Қазiргi заман – ақпараттың заманы. Тың ойлардың заманы. Технологиялардың заманы. Бүкiл әлемдiк ғылыми прогресс өте үлкен қарқынмен жүруде. Газеттер мен журналдардың, кiтаптардың орнын интернет сайттары басып келедi. Қазақтiлдi ғаламтордың ендi-ендi аяғынан тұра бастағанын ескерсек, көрмегенiмiз әлi алда екенiн аңғаруға болады.
Қазiргi таңда қазақтiлдi сайттар өте көп. Бiрақ бәрi бiр-бiрiне ұқсас. Тек журналистерiнiң жазу стилiнен ғана айырмашылық байқауға болады. Мен үшiн соншама сайттардың iшiнде Массагет сайты (massaget.kz) ерекшеленiп, дараланып тұрады. Бұл – сайт менiң түсiнуiмше, кiлең жастарды, студенттердi ұйыстырып отырған бiрден-бiр орта. Ондағы жазылған әр материал қазiргi заманға сай әрi жаңашыл. Сайтта тың ойлар мен соны тақырыптар қозғалады. Бозбала мен бойжеткендердiң бiр-бiрiне деген көзқарасынан, махаббатынан бастап, әдеби-мәдени мәлiмет, психология, философия, спорт бәрi-бәрi қамтылған. Жас ақын-жазушылардың танылуына, шығармаларының талдануына үлес қосып отырған бiрден-бiр сайт. Және студенттер мен оқушылар жүргiзiп отыратын арнайы блогтары да бар. Онда жастар өздерiнiң әртүрлi ойларымен бөлiседi. Пiкiрлерiн айтады. Қазақ интернет-журналистикасына жаңа бағыт әкелген бұл сайттың жастарына үлкен алғысымды бiлдiргiм келедi. Осы массагеттiктердiң жұмысы барлық сайттарға үлгi болуы керек. Көп сайттарды ақтарсаң, бiрiн-бiрi жамандап, орынсыз жала жауып ақ тер, көк тер боп жатады. Ал массагетте ондай атымен жоқ. Сондықтан да ол дара, ерекше әрi жалғыз.



Бөлісу: