Массагет саған не бердім? Массагет сенен не алдым?
блог
1 жыл болды Массагетке кіргелі,
Үйретіп ең тек жақсылық үнемі.
Дос та өзің, ұстаз да өзің болғансың
1 жыл бойы жүрегіме беделді.
Операны ашамын
«Массагет» деп жазамын,
Жоғардағы қатардан
Пернесін «кіру» басамын.
Айдарына блогтар
Жазба оқып толқимын.
Форумды да қалдырмай
Пікірлерді оқимын.
Массагет өсе бер, өркендей бер 100 жыл жаса.
Мәңгілік өлмей тұғын 1000 жыл жаса.
Сен жайлы таңды таңға қосып жазар едім
Жансаяңда өлместей шабыт болса.
Массагет...! Массагет...! Массагет...! Өткен жылдың осы күнініде Алғашғы блогымды жазған едім. Осылай 1 жыл өтіпті.
1 жыл ішінде не істеп, не бітіргеніме есеп берейін. Бүгінгі блогымды қосқанда 22 блог жазыппын. Ең алғашқы жазбама Ғазиза Ұзақ "Өзіңе де бақыт тілеймін! Қош келіпсің! Төрге қарай шық))" деп пікір қалдырған еді. Содан бері Ғазиза апай маған ыстық болып кетті. Массагеттеде байқауларға қатыстық. 8-наурыз мерекесіне орай өткізілген байқауда "Массгеттің арнайы сыйлығын" алған едімМассагетің еркесі, менің досым Әйгерімге арнап Жанар Карим екеуміз керемет видео ұйымдастырдық.Бұл мен үшін кереемет нәрсе болды ғой. Массагетке бауыр басқаным соншалық, массагет арқылы достасған достарыма көмектесіп кеттіп. ӘЙгерім, Айназ Гүлфайруз, Мерей сынды достарым бар. Біздер хабарласып, жөн сұрасып тұрамыз. Эстафардан да құр қалып жатқаным жоқ.Шамамен, 5-6 эстафетаның басынан су құйыппын.
Массагетке бергенім осы. Мен Массагеттен НЕ АЛДЫМ?
Массагет маған дос бола білдің. Ішімде жиналып қалған ойды бөлісуге, достар табуға, өмірлік кеңес алуға, жалпы ой-сырымды еркін жеткізе білетіндей құрбым болдың. Массагет маған көбінесе имандылыққа шақырды деп ойлаймын, сосын тәрбиелікке. Әр постты оқып, әр түрлі әсер аламын. Посттар оқып жылап алған кезім де болды. Массагет менің саған беретінімнен гөрі, менің сенен алатыным молырақ.Массагетке кіргеннен бері, менде сенім пайда бола бастады. Құрбыларымның ортасында біліп-түйгеніні мол адамдай болдым. Массагеттен үйренгенімді, оларға да үйретемін.
Массагетке жиі кіремін. Массагетегі барлық постты үзбей оқып тұрдым дей алмаймын. Әрине кірмей кеткен күндерімде болды. Бұл массагеттен жалыққанымнан емес, кіруге мүмкіншілік болмаған соң. Соңғы кезде ат ізін салмай кеткенімде бар. Ренжіме Массагет, қызың 1 жасқа толғанда ренішшті ұмытсаңшы! Массагетті енді қанша жүрегімнен сызсам да, сені ұмыта алмаймын. Өйткені сен жүрегіме сіңісіп алдым. Массагет ұжымының кеңсесіне, барғым келеді. Жол түссе міндетті түрде баруғатырысамын.
Массагет сен өлмейсің, тек алға қарай өрмелей бересің. Мен оған сенемін. Әлемдік сайттардың алды бол!