Ең алғаш рет массагет порталы туралы оқуға түскенде бірақ білдім. Бұл енді менің қателігім ғой. Іздену деген нәрсе оқушы кезімде атымен жоқ. Біреу бірнәрсе десе болды мұғалім болам дейтінмін. Сөйтіп жүріп журналис болып кеттік. Енді, бұл жері өтірік болып кетті. Әлі бола қойғаным жоқ. Бірақ, болып қалармыз ааау деген ниет жоқ емес. Содан массагетпен таныстым. Танысқанда да қыз басыммен өзім кездесуге шақырдым. Массагет бірден почтамды сұрап өзіне тіркей қойды. Алғашқыда тіл табыса алмай жүрдік. Мен шақырсам ол келмей, ол шақырса мен келмей дегендей. Осылай жүргенде басымызды қосқан Әйгерім Әлімжанова апайым болды. Массагетпен арамыз жақсара бастап сырымды оған айтуды бастадым.
Сырымды массагет алғашқыда отыз оқырманмен түсініп жүрді, сосын бірде мыңға дейін оқырманмен түсінісіп өзімше жұлдыз бола бастадым. Массагет тек досым ғана емес, өмірлік серігім болса деген іштегі арманым массагеттің шаңырағымен танысуға бел будым. Отбасына сіңісіп кетем деген үміт те болды. Алайда массагеттің анасы орыс апай болып мені шаңырағына қабылдамады. Әрине, жылағым келді, өкіндім. Дегенмен, махаббаттың аты махаббат. Шыдап бағу керек. Массагет әлі күнге дейін маған көңіл бөлуін тоқтатар емес. Экономикадан нөлмін деп жүргенде әп еткізіп экономика сабақтарын маған түсінікті тілде жайып салды. Менің қамымды ойлап жүр екен ау әлі де... Осының бәрін ескере келе сезімім суи қоймаған сүйікті порталыма қайта хат жазып отырмын. Қайтқан қыз жаман дейді ғой, менің қайын жұртым болмаса ең құрығанда төркінім болса екен. Осы хатты арнайы махаббатым массагетіме жазып отырмын.
Құрметті менің массагетім!
Екі жыл жүріп мені тастап кеттің деп жазғыра көрме... Шаңырағыңда шаттана алмасам да айналаңда ҚазҰУдағыдай «нұрланып» жүруіме тағы мүмкіндік бер. Енді тағы сырыммен бөлісіп, сенімен қайта дос болғым келеді. Қанатыңның астына болмаса да өзге оқырмандарың секілді назарыңа ал.
пыСы: Өзімше массагетті тірілткен түрім ғой. Енді қайта көктемгі шабытпен жазбалар жазып тұруды қайта қолға алмақпын. Массагетшілдіктің дерті ғой. Айналып кеп тауып алды. «Сразу» айтам, бұл «дерттен» құтылудың емін тіпті қысық көз қытайың да ойлап таба алмайды.)))