Құрметті де, ардақты сайт оқырмандары. Әлбетте, сіздер болмасаңыздар, біздің де бұл жерде отырмайтынымыз анық. Сол себепті, сіздерге ерекше құрметімізді білдіре отырып, әр айтқан сөзіңізді есепке алып, сол бағытта жұмыс істеу біз үшін бақыт екендігін жеткізгім келеді.
Жалпы Массагеттегі бұл шағын әлем маған көп балалы отбасыны немесе шағын ауылды елестетеді. Орын алып жүрген түсініспеушіліктерге қарамастан барлығымыз бір отбасымыз деп ойлаймын. Естеріңізде ме, жастау кезімізде арамызда жанжал да шығатын, ғашықтар да табылатын, төбелес те болатын. Қандай оқиға орын алса да, бәрібір бір-бірімізге адал болып қала беретінбіз. Қазір болған жанжал бір сағаттан соң ұмытылып, қайта достасып кете беретінбіз.
Біз де дәл сондай отбасымыз. Сондықтан, не болса да бір-бірімізді сыйлай білейік, бір-бірімізге ыстық махаббатымызды, жылы лебізімізді төге біліп, реніштен аулақ болайық.
Олай болса, рұқсат етсеңіздер, сіздерді алдағы аптадағы жоспарларымызбен таныстырып өтейін.
Үстіміздегі аптада әлем тарихында қандай маңызды оқиғалар орын алды деп ойлайсыздар?
Осы аптаның бір күнінде аты әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсон дүниеге келді.
Халқымыз атымен әлемге мақтанатын ұлы Абай атамыздың бұл дүниені тастап, мәңгілік өмірге аттанған уақыты да осы аптаға сай келіп отыр.
Сонымен қатар, алғашқы теледидардың сатылымға шығуы да үстіміздегі аптамен байланысты.
Әрине, келе жатқан Астана күнін де айтпай кетуге болмайды. Осы мерекеге байланысты сіздер үшін қызықты материалдар легін ұсынуға дайын болып отырмыз.
Құрметті оқырман. Айтыңыз, сізді мазалайтын, қызықтыратын бұлардан өзге тақырыптар бар ма? Бар болса, өтінеміз, ол туралы бізге де айтыңыз. Себебі, біздің басты мақсатымыз – сіз үшін, сіздің көңіліңіз үшін жұмыс істеу.
Сайтымыздағы "Менің астанам" деп аталатын байқаудың жалғасып жатқанын да естеріңізге саламыз. Туған өлкеңізді барлық қазақстандықтарға танытуға асығыңыз. Сіздің жазбаларыңызға сүйене отырып, рұқсаттарыңызбен біз де қазақстанның елді мекендері туралы -фото, -мәтіндік репортаждар дайындауға бекініп отырмыз.
Олай болса, әрқашан бірге болайық. Массагеттен ажырамаңыздар!