Массагет мың жыл жасасын!!!

Массагет мың жыл жасасын!!!
жеке
блог

         Менің жалпы сайттар турасындағы сауатымды ашқан - Массагет!!! Интернет әлеміндегі - әліппем... Ауылдан келгенде агенттен кейін үйренгенім Массагетке блог жазу еді. 

         "Біздің былтырғы шәкіртіміз ғой)) Мұғалімі айдағанда кіріп блог жазып жүр еді, кейін тастап кетті" Anara Mustafina апайымыздың мені құттықтап жазған жазбадағы пікірі(күлдім...) Әлі де шәкіртпін ғой,,,Ия, былтыр Әйгерім апай құрықтап жүріп блог жаздырып, қоймай жоба жасатып, соңында звезда қып жіберген. Одан осы Анар апамыз, Еркебұлан ағамыз Шымкентке шақырып жеңімпаз жасады. Рахмет қана айтарым. Тастап кеткенім жоқ, әрқашан сырттарыңыздан жазбаларыңызды оқып, тілекші болып жүрем ғой. Алып жатқан жүлделеріңіз құтты болсын, жетістік көп болсын!

         "150мың аз ба? Қомақты ақша ғой, Бір әп-әдемі сайт жасап алуға болады)))" Ардақ Құлтай ағамыз осылай дейді. Аз емес, 15 теңге берсе де аз көрмей, тек жақсы сөзге семіріп қалатын қазақпыз ғой. Дегенмен, бұл табысқа сайтты жасап алуға орайы келмей тұр. Бірақ, сайтты ашамыз... Асқар, Әли үшеуіміз сол жерде берген уәдемізді әлі ұмытқанымыз жоқ. Сол уәде кейде ұйықтатпайды да. "Қайыршыға жел қарсы деп", әйтеуір, сәті түспей қойды. "Жауһар" жаратқанның сәтін салған күні жарқ етіп шыға келетініне сенемін, сіздерде сәл күте тұрыңыздар.

         Мені жетістігіммен құттықтап, әлі де есіне сақтап жүрген Массагеттік достарға, әріптестерге көп рахмет... Осы екі пікір қатты ойландырғандықтан жауап жазып отырмын!!!