Массагет менің сырласым.

Массагет менің сырласым.
жеке
блог

Сәлем достар! Соңғы кездері жұмыстан қолым тимей кетті, Массагетті де сағынып қалыппын. Бүгін тақырыбым: «Массагеттегі алғашқы қадамдарым қалай басталды?»,  «Жалпы Массагетке қалай келдім, қалай тіркелдім?», «Массагет несімен ұнады?», «Массагетте мен ұнатпаған не ұнамайды »  деген сұрақтарыма сіздермен ой бөлісетін боламын.

Ия, Массагет деген атаудың өзі адам баласын қызытырып, таңқалдырып елең етпеске қоймайды. Негізі бұрын өзім он.кз сайтында тіркелгенмін, содан біраз уақыт кірмей қалдым. Содан соң Болатбек Мұхтаров есімді досым Массагетті ұсынды. Сосын бірден сайтын сұрап алып, менде бір қарап, шолып шықтым. Содан кейін 2012 жылдың қыркүйек айында Массагетке менде тіркелейін деп шештім. Бір кездее тіркеу операциясы ұзақ болды, өйткені көпке дейін қалай тіркелуді түсінбедім. Арада 7-10 күн қиналып, жұмыс орнымдағы программистерден кеңес сұрап, қазан айында тіркелдім. Сол сәтте біріншіден мен үшін қызық болды. Массагетке кіріп, тіркелуіме бір ай өтсе, енді әрі қарай түсініп кету үшін тағыда біраз уақытымды жоғалтатын шығармын деп ойладым. Бірақ тфә-тфә әйтеуір үйреніп, достар тауып, Массагетте мені жылы қабылдады. Мен бұған өте қуаныштымын. Массагеттің арқасында еліміздің көптеген жерлерінен достар таба бастадым. Содан кейін Массагеттің тақырыптарында қызығып оқитын болдым, сол тақырыпқа сай өз ойыммен бөліскім келеді екен. Мен білмейтін пайдалы кеңестерді оқып, соны іс жүзінде қолдануға тырыстым. Массагетке өзіңді толғандырып жүрген мәселелерді, тақырыптарды жаза алатын болдым. Сонысымен Массагет қатты ұнады.

Ал, енді «сын түзілмей, мін түзелмейді» - дейді ғой. Сол себепті де осы Массагеттен корей аудармаларының басты бетінде орын алғандығы және болашақта осы бөлім алынып тасталады деген өзіме кішкенеде  ғана болса  сенім ұялатқым келеді, және тағы бір қоса кететінім ислам, дін жайында тақырыптар қозғай алмайтынымыз. Өйткені осынау қоғамда қанша жастарымыздың көпшілігі басқа діннің жетегінде жүр. Соларға сабақ болатындай болса, Массагет үшін жетістік деп ойлаймын. Ал қалғаны қанағаттандырады.

Массагетте ерекше алғысым Анарға! Егер сұрақтарым болса, уақыт тауып, мейлінше жауап беріп жатады. Одан кейін Массагеттің туған күніне сыйлық беріп жіберетінін, ол сыйлықты астанаға Массагеттің қызметкері апаратын  айтқанда өте  қатты қуандым. Содан кейін  бірнеше күндерден соң жұмыс барысымен іс сапарға кетіп қалған едім. Массагеттің ескерткіш сыйлықтарын алуға, үлгере алмайтын шығармын деп ойлағанмын. Массагеттегі Болатқа үлкен рахмет. Өйткені сол күні іс сапардан келіп, есеп беріп, жиналыс деп қапылып жүрген кезім еді, Болат сыйлықтарымды жұмыс орныма арнайы келіп, сыйлығымды табыстағанда өте қуанышты боп қалдым. Бірақ Болатпенде дұрыс таныса алмадым.  Бәрі асығыс болды.Осындай сыйлардан кейін одан сайын ынталандыра түседі екен. Бұл жерде сыйластық, көңіл деп білемін.

«Бақыттың кілті достықта,

Достықтың кілті халықта» - дейді ғой, сондықтан Массагетте достарымның бары болғанына, олармен танысып, бір-бірлерімізден ой бөлісіп, білмегенді үйреніп, жаман әдеттен жиреніп, бір-бірімізді сағынысып, сыйластығымыздың одан әрі арта түскеніне қуанамын.

Массагеттің ғұмыры ұзақ болғай. Шығармашылықтарында табыс, еңбектерінде жеміс тілеймін. Ал Массагет жылдан жылға көркейіп, қызықтырып, қызықты да, сапалы материалдарға толығып, оқырмандарының көңілінен шыға берсін деген тілегім бар. Аумин!

Шын жүректен өз ойымен бөліскен достарыңыз Гүлфайруз Берікқызы деп білерсіздер.