Массагет кездесуіндегі trend
блог
Жалпы кездесуге келушілердің көбі бір-бірін танымайды деуге болады. Әлбетте сырттай интернет арқылы білетіні болмаса )))
Неге екенін білмедім, кездесу басталғанда бәрінде бір үйлесім бар сияқты көрінді де тұрды. Ең бірінші ұқсастық - мүдде бірлігінде. Кешегі кеш тек қана көңіл көтеру емес, бір-бірімізбен танысып, ой алмасу үшін ұйымдастырылған болатын. Қазақ тіліне, қазақ болашағына бей-жай қарайтын адам бұндай кездесулерге уақытын сарпып келмес те еді. Ал екінші ұқсастық - киімінде болып шықты )))
Бәрі болмаса да, жартысы осы кездесу үшін қызыл түсті таңдаған екен. "Кездесуге не киемін?" деген сауал ең біріншілердің бірі болып ойға оралады емес пе?
Жігіттеріміз де бұл түсті кездейсоқ таңдамаған шығар. Мына жақтағы материалда қызыл түсті құп көретіндер туралы былай деп жазылған екен: Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.
Біздің арамызда осындай адамдардың көп екені қуантады.
Басты сурет: howtotieapp.com