Массагет дейді... Сақтар ма?
блог
Массагет дейді... Сақтар ма? Жоқ, жәй кәрістердің ірекламасын жасайтын сайт... Сосын мен сияқты еріккендер мен қоғамда өз орнын (әлеуметтік пе, әлде әлеуметтен бе қолдау) таба алмай жүрген шырақтардың жазба жазатын орны, опшым сыраханасы(Осы күнгі адамдарды түсінбей-ақ қойдым, сыраханаға қай жерге келетін болған? Сыра ішіп бөсіп отырып әңгіме айтқандай, жаза салады бірдемені, әлде бірдеңені). Бұл жерде бәрі бар. Ақынсымақтар, жазушысымақтар, жорналшысымақтар және қарапайым пернетақтаны түртіп ерінбей саусақ терлете алатындар да.
Бәрін "қойшиш", әлде "қойсай", жоқ "қойсайш" деген дұрыс болар ма екен. Ұзын сонар шұбалған жыландай ирелеңдеген сөзбасымның қысқасы: Бұл...сыраханаға келмегелі көп болыпты. Мен негізі ішпим, әлде ішпеймін. Жәй("жай" деп жазылатын шығар осы, бәле болған орфаграфия) тек біреулердің ішіп алып, ішіндегісін ақтарып отырғанын бақылап отырам. Ішіп алып біреулер өлең, біреулер жазба жазады дегендей. Әй, бірақ ішкен адам не демейді...
Мен де сол ішпесем де ішкендер құсап бірдеңе жазайын дедім. Әйтпесе осы жерге бірдеңе жазатындардан нем кем? Әйтпесе, 10 саусағым бар, 107(нақтысын ит біліп па) тетіктен тұратын пернетақтам бар, 2.5мб/с жылдамдықты интернетім бар(жалпы аз, бірақ бар), абырой-атақ даңқ та, ақша-шақшасы да жетерлік, шүкір. Мен неге жазбайым?! Жазам! Жазам бәрін. Оқымасын мейлі, қатем көп болсын мейлі, сауатсыз болайын мейлі, жазбам тіпті ешкімге пайдасыз болсын мейлі. Бәрібір емес пе?! Шыныменде бәрібір емес пе осы жұртқа?! Бірдеңе десе, "өзім үшін жазып, сосын соны интернетке салдым" дей салам(Ақымақтық емес пе-ей осы, өзің үшін жазсаң, интернетке салып нең бар?).
Бәрібір түкке тұрғысыз жазбалардың соңында пікірде: "мя, не деген керемет жазба" деген жазу тұрады. Тәк ышто солай, бұл "массагет" детка)
ПЫСЫ(осылай жазыла ма?): опшым біздің ой сол жазбамыз бір сондай "керемет" пікірмен марапатталар деген ой ғой, айналайындарым-ау, әйтпесе босқа еңбектенбеген шығармын. Мен де өздерің сияқты адаммын ғой, просмотр көбейтіп, лайық болмасақта "лайк" басыңыздаршы.
Жасы отызға келсе де, өзін әлі бала сезінетін нарциссизмі бар браттың жазбаларынан.