Ассалаумағалейкум ағайын, армысыздар?!
Қоғамдық көліктерінде ер жыныстылары нәзік жандарға орын бермейтін АСТАНА ҚАЛАСЫНАН «жылымық» СӘЛЕМ.
Сәлеміміз ыстық та, жалынды да болмай тұр, ия.../
Бұл бір әсем қалаға келгелі бері жағдайымның онша болмай, дәлірегі болыңқырамай жүргені бар...
***
Айтпағым, бірақ, ол емес еді.
Осы Менің соңғы уақ бір мазам кетіп, жұмысқа деген тәбетім азайып, көңілім ішімнен қыңырланып, ыңырсып тұрғандай.
Жанарымным қақпасы «қос қабағым» - көз асты қапшығымды құшқысы келіп ынтызарланып, шекемде өлгенінің күнінен ілініп тұрғандай күйде жүргенім…
Демалыс туса әбетке дейін ұйықтайтыным ше? Ұят...
Жасым 25–те. Бойында сарқылмас қуаттың көзі бар, жанарының жалынына күйдіретін оттығы бар нағыз ЖАСТЫҚ шағым емес па еді бұл кезең?... Неге соншама «жатаған» келіп жүр (жүгімнің жеңілдігінен бе...)?
Ол туралы қаншама күн ойланып, түндерде толғанып жүріп, бұлай босаңсуымның өзегін зерделеп пішіп, беймәлім сырын әшкерелегендей болдым. Сүйтсееем бар мәселе мынада екен...
***
Осы жаның Жәннаттан жай тапқыр Массагет сайты ашылғалы удап-шулап жүріп бар-жоғы 11 (!) ғана жазба жазыппын. Жазбайын деп емес, жазайын деп жүріп жазғаным осынша ғана... Эхххх, Құмарым МАССАГЕТ деймін-ау, олай болса осы жазбаммен бір аяққа тұрып алайын, әрқайсыларыңызбен ыстық құшақтасып, жылы жүздесіп алайын. Кеттік
Алдымен алдыңғы жазбаларыммен таныса кетіңіздер.) Айтпақшы, барым да, нарым да осы...
***
Айтқандай Массагеттің әнұранын жаттап, бейнебаянын қарап жүрсіздер ме?
Мынау Массагеттен алған сыйлығым:
***
Массагет негізінен жастардың ортасы. Ол ортаны жас ақындар, орта буынды ағалар, әпкелер, 8-ші сынып оқуышысы, мектепті алтынға бітірген түлектер, бақытты студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, көңілшектер, еріншектер, дауылға қарсы тұра алғандар, имандылар, намыстылар, аяулылар, сұлулар, жүйріктер, сұңқарлар, дарындылар, бауырмалдар құрайды... Құдайға шүкір!
Массагетте - Қазақстанның бұрыш-бұрышы, әрбір қиыры, дөңі сайы осы жерде баяндалады. Әрбір «бірінші» қазақ танып, қолданатын сайт болады әлі!
***
Массагеттен өз басым біраз жанашыр бауырлар, достар, жолдастар, тілектестер арттырдым. Жігіттері тұра тұрсын, Массагеттің қыздары жайлы бірер сөз айтқым кеп отыр.
Мейіргүл...
Жұмыстан үйге қайтып келе жатып, нан ала салайын деп жолшыбай дүкенге кіргем. Телефоныма бөтен нөмір қоңырау шалып тұр. Көтерсем:
- Абзал қалайсың?
- Жақсы.
- Мен ғой Мейіргүл. Ертең Блогкемпке не істейміз? Анау да мынау.... деп қызу әңгіме басталып кетті...
Тура бір, 80 жылдан бері араласып, қораласып жүрген адамдар сияқты әңгімесін бастап, ұрып келе жатыр...))) Өмірімде бірінші рет сөйлесіп отырмыз ғой))) Ә, жарайды. Кейін бәрі реттеліп, орын-орнына түсіп кетті ғой.
Мейіргүлдің қыз ретінде, жәй адам ретінде де ұнайтыны – өте қарапайымдылығы. Өте қарапайым қыз. Ұнайтыны соншалық мені «алып қашып кетсе» келісімімді берер едім )))
Бастығым «Жаныңда жүр жақсы адам» деген тақырыпта шығарма жаз десе, осы Мейіргүл жайлы жазар ем. Сондай жақсы адам сияқты көрінеді маған, жоқ жаман адам ба?
Анар...
Жеке басымнан өткен жәйт.
Университет оқитын жылдар… Интернет дегеннің не екенін енді білісіп жатқан шақ. «Чатрум»-дарды шарлап, «Всем привет» деп жазып қойып, біреуден бірдеңе күтіііп отыратын кез.
Универдің бас корпусында, таныс арқылы әрең кіретін компьютер кабинетіне өз басым чатрумдарды қайдам, Досым.кз деген сайттағы «Ақзере» дейтін қыздың жазбаларын оқуға барам...
Шыны керек, сол жазбалардың адресін неге жаттап, жазып алмағанымдығыма осы күнге дейін өз-өзіме таң қалам. Себебі: әр жолы Ақеркенің жазбаларын оқу үшін қырғын әуреге түсетінмін. Алдымен «мэйл.ру»-ға кірем, «іздеу» жолағына «досым.кз» деп жазам, сосын ол кезкелген біреудің блогына сілтеме береді, сол арқылы ақтарып отырып, оң жағына «Ұқсас блогтар» дегенді басып жүріп табатынмын. Не азап а?
Ал, сосын, Ақзеренің блогын ашып қой да рақаттан. Оның блогтары «Мастер класс» еді ғой. Әр блогына шырын етіп «бал» жағып қоя ма әйтеуір, менің жаным бір құмар еді. Сырттай таныстығым солай басталған. Кейін Он.кз-те жазып жүрді. Қазір осында. Блогы арқылы бар білерім: «жаны бай» қыз. Шығармашылықтың адамы. Талай дүниелерді дүниеге әкелетініне сенімдімін.
Ақерке...
Ең қысқа пікірді Ақеркеге арнаймын.
Өміршең қыз, күліп қана жүретін. Ішінде талай алып дүниелер тығылып жатыр. Оны көздері айқын айтып тұр.
Ақерке «тұрмысқа шықты» дегенде, ішімде бірдеңе «шым» ете қалғандай болды. Неге екенін, туған қарындасымды ойладым... Ертең ол да тұрмысқа шығады. Туған қарындасымды шығарып салып тұрғандай сезімде болдым. Ақерке тұрмыста бақыттыыыыыыыыы болса екен!!!
АйКерім...
АйКерімді есіме алсам «гүл» тұрған аватар елестейді.))
Әркім жанына не жақын соны күнделік қолданып, оны жақын тартып, образына айналдыратын шығар?.. АйКерім бір гүл сияқты.
Күні кеше телефонмен сөйлестім. Дауысына ғашық боп қалғандаймын.) Бір тәтті екен! 2 рет сөйлестік.
Қарағым ай,
Еліктер осылай жосады екен...
Жолыңнан сені кім тосады екен?...
Бұл коңіл неліктен босады екен?...
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен?... деген Өлең жолдары келеді.
Бұның да неге екенін білмеймін...)))
Сәния...
Көзі ұнайды. Копия өзім ғой.)
Сәнияның да болмысы позитифффтің шексіз күшімен қуатталған, сондай керемет қыз сияқты. Әрдайым сырттай тілекшіңмін! Тұрмыста бақыттыыыыыыыыы бол! («Ы»-лардың саны Ақеркеніңкімен бірдей).
Солай, (осы жазбамды оқып отырған сұр бойдақ) Жігіттер!
Массагет сайты куә болған барлық жас жұбайлардың тіккен Отаулары - Орда болсын; Баққаны – Жорға, Мінгені – БМВ «широкоморда» болсын; Қазыналарыңыз - Ұлттық Қорда болсын! Бақытты болыңыздар!
P.S. Мен ертең тойға кетіп бара жатырмын. Класдосымның үйлену тойына.
Жалғанда жақсы боп па бойдақшылық?
Өмірді жалғыз-жарым, жайдақ сүріп,
Өзіңнен-өзің жиі жабығасың,
Өзгенің қуанышын тойлап шығып... С.Қ.